Жаңа инвестор

0
389

  Елді мекендерді газдандыру ісі – елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту, өмір сапасын көтеру мақсатында Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сай елімізде жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқан кешенді жоба. Бүгінде облыс орталығы Талдықорған қаласы мен оған жақын орналасқан аудан, қалаларды газдандыруісі кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Өңір тұрғындарының көгілдір отынмен игіліктенуі осы бағыттағы құрылыс жұмыстарының уақытында әрі сапалы жүзеге асырылуымен тығыз байланысты. Осыған орай Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжановтың төрағалығымен қаладағы тұрғын үйлерге газ жеткізу ісі бойынша алқалы жиын өтті.
Жиынға қала әкімі Бахтияр Өнербаев, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бас-қармасының орынбасары Дамир Дәулетхан, қала прокуроры Ескендір Бекманов, сондай-ақ, «Жетісу-ОблГаз», «Ғажап Даму» және «Ас-Тас Іnvest» ЖШС өкілдері, «Достық» шағынауданының тұрғындары қатысты.
А.Байжанов елді мекендерді көгілдір отынмен қамту Елбасының қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатындағы тапсырмасының маңызды бір бөлігі екенін еске салып, қала тұрғындарына газ жеткізу ісі бойынша сақталған мәселерге назар аударды. Алқалы жиынға келген қала тұрғындары да түйінді мәселелерді ортаға қойды.
Талқы барысында тұрғын үйлерге газ жеткізу бойынша құрылыс жұмыстарымен айналысатын «Ас-Тас Invest» ЖШС инвестор-компаниясы белгіленген мерзімнің бұзылуы, атап айтқанда, міндеттің уақытында орындалмауына байланысты тапсырылған жұмыстардан шеттетілгендігі туралы ақпарат айтылды.
Қазіргі уақытта газ жеткізу жұмыстарымен «Ғажап Даму» ЖШС айналысады. Серіктестік жылыту маусымы басталғанға дейін текеліліктерді газбен қамтамасыз ету міндетін жауапкершілігіне алды. Алқалы жиында осы мәселелер жан-жақты сараланып, қала тұрғындарының газдан игіліктену ісін уақытында әрі сапалы орындау бойынша құрылыс жүргізетін және оны қадағалайтын тараптарға нақты тапсырмалар берілді.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз