1 сыныпқа қабылдаудың жаңа ережелері

0
488

  2019 жылдан бастап Текелі қаласы мен Алматы облысының басқа да аудандарының тұрғындары өз балаларын балабақшаға кезекке қою және жалпы орта мектептің бірінші сыныбына қабылдауға өтінішті Интернет желісінде SitCen.kz порталы арқылы жібере алады.
Цифрландыру бағдарламасы аясында білім беру мекемелері jumys.sitcen.kz және mektep.sitcen.kz порталдарына іске қосылды.
2019 жылдың 1 маусымынан бастап барлық мектептер электронды түрде бірінші сыныпқа оқушыларды тіркеу үшін өтініш қабылдай бастады.
Биыл баласын бірінші сыныпқа бергісі келетін ата-аналар 1 маусым мен 30 тамыз аралығында (өтініштер қабылдау үшін дәл осы мерзімдер білім Министрлігімен бекітілген) mektep.sitcen.kz порталына тіркеліп, өтініш жіберулері қажет.
Портал пайдаланушыларына ыңғайлыл 8 747 339 7222 нөмірі бойынша контакт-орталық жұмыс істейді.
Контакт-орталығының мамандары ата-аналарға өтініш қалдыру сұрақтары бойынша кеңес береді, қажет жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау керектігін түсіндіреді.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз