Еліміздің мәртебесі биік, тұғыры берік болсын!

0
199

Ертай Дүйсебаев, Текелі қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы

Бүгін — біз, Күллі Қазақ Елі болып тарихи күнге, табыс пен береке бастауы болар ерекше сәтке куә болдық. Себебі, Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқаны сәтті аяқталып, бүгін жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халқымызға адал қызмет етуге, оған жүктелген мәртебелі міндетті адал атқаруға ант беріп, өз қызметіне ресми кірісті.
Әрине, біз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенділігі мен болашақты болжай білу қасиетінің арқасында әлемнің дамыған елдерінің қатарынан табылып, Тәуелсіз Қазақ Елі ретінде жаһандағы абыройымызды арттыра білдік. Елбасымыз ел тарихында халқын бірлік пен ынтымаққа үндеген мәртебелі, шексіз құрметке ие тұлға ретінде қалары анық.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгінгі күнге дейін де өзін мықты саясаткер ретінде көрсете білді. Ендігі кезекте, жаңа Мемлекет басшысы Елбасының сындарлы саясаты мен стратегиялық бағытын сәтті жалғастырады деп сенім білдіремін.
Жарқын, табысты күндеріміз көп болғай. Еліміздің мәртебесі биік, тұғыры берік болсын!

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз