Дұрыс таңдау жасадық деп ойлаймын

0
26

Бүркітбай Файзулла, Текелі қаласының «Шарапат-Сауап» корпоративтік қорының төрағасы

Еліміздегі кезектен тыс президенттік сайлау мәресіне жетті.  Халық таңдауы Елбасымыз Тұңғыш Президентіміздің сара жолын жалғастырушы азамат, мықты саясаткерге түсті. Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев  жоғары әрі жауапты қызметті атқара отырып, Елбасының стратегиялық бағыты мен сындарлы саясатын жалғастырып, ортақ мақсатқа жұмылған жұртымыздың тірегі болатынына сенімдіміз

Нақтыласақ, әлемде бейбітшілікті насихаттап, еліміздің экономикалық, саяси, мәдени дамуына күш салып, Отанның гүлденуіне, тәуелсіздігінің нығаюына қызмет етеді деген ойдамын. Мақсат – айқын, міндет – зор. Белгілеген бағыт енді жалғасуы тиіс. Дұрыс таңдау жасадық деп ойлаймын. Барлығымыздың тілегіміз біреу, ол — жарқын болашақ. Осынау маңызды саяси науқанның аяқталуымен Қазақ Елін, барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Ел іргесі бекем, бейбіт заман болсын!

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз