Терроризм мен экстремизм – заманауи өркениеттің басты қаупі

0
41

  Бүгінде тез қарқынмен дамыған ғылымның жетістіктері адам баласын бұрын-соңды болмаған игіліктерге кенелдіруде. Алайда, осынау өрелі мәдениетімізге мүлде жат, адамгершілік қағидаларын мансұқ еткен терроризм мен экстремизм дүниенің әр бұрышынан белең беріп, өркениетті өмірімізге қауіп төндіруде.
Қазір экстремизм мен терроризм тұтас әлем елдеріне ортақ аса күр-делі мәселеге айналып отыр. Дінді желеу еткен радикалды ағымдар адамдар санасына орныққан дәстүрлі діндердің ортасына, тіпті бір дінді ұстанушылардың арасына сына қағып, жік түсіруде. Сол арқылы кез келген қоғамды ірітіп, ұлттардың бірлігіне, мемлекеттердің тұтастығына қатер төндіруде. Оның қауіптілігі сол, ұлттар мен біртұтас халықтардың ғасырлар бойы жинақтап, ортақ ұстанымға айналдырған құндылықтарын жоққа шығарып, өркениеттің алға жылжуына кедергі келтіреді. Себебі, өркениеттің өрісі тарылса, адамзат қоғамының дамуы баяулайды немесе мемлекеттер арасындағы ғылым мен мәдениеттің өресі алшақ-тай түседі. Соның салдарынан адамдардың санасы сансырай бастайды. Шындығында, дін мен ғылым бір-бірімен өзектесіп жататын ерекше құбылыс. Ұлттар мен халықтардың ғасырлар бойы өмірлік тәжірибеден өткізген, ортақ ұстанымға, ұлттық құндылықтарға айналып кеткен адамгершілікті игі салт-дәстүрлері де бір Жаратушыға деген сеніммен ұштасып жатады. Міне, осы байланыс адамдардың еркін шыңдап, жарасымды өмірге, кемел келешекке деген ұмтылысын арттырады. Ғылым мен мәдениет, ізгі адамгершілік, өмірге деген сүй-іспеншілік, отаншылдық рух, міне, осындай асыл қасиеттер біздің діни танымымызды да айқындай түседі. Ал, терроризм мен экстремизм адамзат қоғамы дамуының осы оң үдерісін бұзып, халықтық, ұлттық, тіпті отбасылық бірлікті ыдыратуды мақсат тұтады. Бұл өте қауіпті.
Әдетте, адам баласының дүниетанымы отбасында, балабақшада, мектепте қалыптасады. Үнемі көптің ортасынан табылатын, достыққа берік, адами қарым-қатынасқа мән беретін, қоғамдық тәртіпке бағынатын, білімді, мәдениетті болуға ұмтылатын, рухани сенім, ұлттық құндылық-тарды бағалай білетін жандардың өзіне тән берік ұстанымы блады. Мұндай адамдар көлденең біреудің ықпалына оңайлықпен түсіп кетпейді. Міне, сон-дықтан дана халқымыз, «Бөлінгенді бөрі жейді», «Білімдінің алды жарық» деп көпшіл әрі білімді болуды дәріптеген. Ғылым жетістіктері мәдениеттің өріс алуына жол ашады. Мәдениеті өскен елде кез келген қоғамдық мәселе келісіммен шешімін тауып жатады.
Жалпы, көптен бөлініп жалғыз жүру, жақсы әдет емес. Экстремизм терминінің төркіні «ауытқу», «белгіленген жерден тыс кету» деген мағынаны білдіреді. Демек, жеке-дара, жалғыз өскен, көпке қосыла бермейтін адамдар өзімшіл болып қалыптасады да, көп жағдайда өзінің көзқарасын, пікірін басшылыққа алады. Көпке ортақ ұстанымдарға, қоғамдық тәртіпке бағынғысы келмейді. Бүгінде жат ниетті күштер осындай мінезде қалыптасқан жандарды, соның ішінде өрімдей жастарды өздеріне оңай тарып, идеологияларын түрлі әдіс-тәсілдермен санасына орнықтыруға жанталаса кірісуде. Бұған жол бермеу сіз бен біздің ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз.
Сері БОЛЫСБАЙҰЛЫ, қала әкімінің орынбасары

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз