Оң имидж – оң қадам

0
42

  Халқымыз қай кезде де ер азаматтарымызға сенім артып, арқа сүйеген. Кешегі қилы заманда ерлеріміз «Еркек тоқты құрбандық» деп, ел мен жерге қарағайдай қасқайып тұрып қорған болды. Елдің амандығын, жердің бүтіндігін қорғады, осы жолда өмірлерін қиды. Ержүрек бабаларымыздың, аға буын арыстарымыздың жолын жалғап елге адал еңбек ету – бейбіт күннің сақшылары, бүгінгі полиция қызметкерлерінің абыройлы да ардақты міндеті.
Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында: «Поли-цияның жұмысын сервистік модельге көшіру қажет. Азаматтар санасында полицейлер жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдайда көмек көрсетуші деген түсінік орнығуы керек. Қалалық және аудандық ішкі істер органдары жанында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қағидаты бойынша азаматтарды қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау қажет. Қазақстанның бүкіл қалаларын қоғамдық қауіпсіздікке мониторинг жүргізу жүйелерімен жабдықтау керек. Қоғам тарапынан білдірілген сенім деңгейі және халықтың өзін қауіпсіз сезінуі полиция жұмысын бағалаудың негізгі өлшемдері болуға тиіс», – деп қоғамдық тәртіпті сақтап, халық пен мемлекет мүддесін қорғауды басты міндет еткен полиция қызметкерлерінің жауапкершілігін арттырудың, олардың халық алдындағы беделін көтеруге маңыз берді.
Көз алдымыздағы күрделене түскен әлемдік жағдай дүние елдерімен тығыз экономикалық, мәдени қарым-қатынасқа мүдделі еліміздің ішкі тұрақтылығына да өз әсерін тигізбей қоймайтыны шындық. Сондықтан, полиция қызметіне түбегейлі және сапалы өзгерістер ауадай қажет. Атап айтқанда, материалдық, техникалық мүмкіндікті бүгінгі заман талабына сәйкестендіріп отыру, полиция қызметкерлерінің кәсібилігін арттыру, әсіресе, олардың халық алдындағы абыройын тіктеу ісінің маңыз зор.
Елбасының тапсырмасына сай бүгінде халықтың тұрмыс сапасын көтеруге басымдық берілуде. Бұл сан қырлы, көп салалы ауқымды үрдіс. Соның ішінде азаматтарымыздың қауіпсіздік мәселесі басты орында.
Қазір полиция қызметінің барынша ыңғайлы әрі тиімді моделін қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Яғни, полиция қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын көтере отырып, олардың білімі мен біліктілігі жоғары стандарттарға сай болуын қамтамасыз етуге күш салынуда. Осы мақсатта қызметкерлердің бәрі қайта аттестациялаудан өтіп, тек үздіктер ғана қызметін одан әрі жалғастыратын болады.
Ең бастысы, полиция қызметкерлерінің қызметіне адалдығына, этикасына, халықпен қарым-қатынасына, жауапкершілігі мен ел мүддесін қорғау жолындағы ерлік рухына баса назар аударылады.
А.ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз