Қоғам мәдениетімен мәнерлі

0
65

  Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай қалалық әкімдікте өткен жиында қала әкімі Бахтияр Өнербаев аталған сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға шығармашылық табыс тіледі.
Бүгінде қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің үйлестіруімен «Алатау» шағынауданында Мәдениет үйі, «Металлург» шағынауданында клуб жұмыс істейді.
Мәдениет үйінің және «Металлург» шағынауданындағы клуб жанынын құрылған үйірмелерге 500-ден астам адам қатысады. Олардың жартысынан көбі балалар мен жасөспірімдер.
«Абзал ана отауы» халықтық әжелер ансамблімен бірге славян, татар-башқұрт, кәріс этномәдени орталықтары, сондай-ақ, «Үлгілі», «Шырайлым» би үйірмесі, «Новый город» вокалды-аспаптар ансамблі секілді клубтар мен үйірмелерде жас буынды өнерге баулу, дәстүрлі мәдениетті сақтап-дамыту бағытында жұмыстар атқарылады. Олар түрлі мерекелік шаралардың бел ортасынан табылып, қаланың мәдени өмірінің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Нәтижелі еңбектің арқасында қалалық Мәдениет үйі облысымыз алдыңғы қатардан көрініп келеді. «Мәдени мұра» жобасы аясында өткен жылы қаламыз еліміздегі шағын қалалар арасында бірінші республикалық «Алтын шаһар» өнер фестивалін сәтті өткізді. Қала мәдениетіне нәр құятын арналы саланың бірі – қалалық кітапхана екі филиалды қамтиды. Жалпы кітап қоры 116 мыңнан асады. С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасы арқылы кітап қорын толықтырып отырады.
Оқырмандарға қолайлы жағдай жасау, әсіресе, жастарды бос уақытында кітап оқуға ынталандыру, қызықтыру мақсатында өткен жылы кітапханада коворкинг орталығы ашылып, қажетті құрана-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Заман талабына сай бүгінде кітапхада КАБИС бағдарламасы жұмыс істейді. бағдарлама жаңа кітаптардың электронды каталогын құруға жағдай жасайды. Бұл оқырмандардың сұранысын тез әрі сапалы орындауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда КАБИС-қа енгізілген кітаптардың ұзын саны 66 мыңға жуық.
Кітапханада, сондай-ақ, Елбасы Жолдауларын, бағдарламалық мақаларын түсіндіру мақсатында шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Рәміз-дерімізді ұлықтау, әдебиетімізді, мәдениетімізді, сонымен бірге, тәуелсіздік жылдарында қолымыз жеткен жетістіктерімізді насихаттау, өткен тарихымызды зерделеу, белгілі қаламгерді және олардың шығармаларындағы ұлттық болмысты, адамгершілікті дәріптеу мақсатында шаралар жоспарға сай ұйымдастырылып отырады.
Әрине, бүгінгі шындық ертең – тарихқа айналады. Адамзат мәдениетінің өзі осы тарихи шындықты тиянақ етіп, дамиды, өркендейді. Демек, өткеніміз бен болашағымыздың сабақтастығын нақты дәлелдермен беріктей түсетін мұрағат ісі – өркениетті қоғамымыздың тағы бір маңызды саласы. Қаламыздың қалыптасу тарихынан, бүгінге дейінгі басып өткен жолынан сыр шертетін сары алтындай сара мәліметтерді жинап, сақтап келе жатқан қалалық архивтегі құжаттардың ұзын саны 19552 бірлікті құрайды. Оның 12112-сі жеке құрамға байланысты. Құжаттарда қаламыздағы мекеме, кәсіпорындарға және онда қызмет атқарған тұлғаларға, жылжымайтын мүліктерге байланысты ақпараттар, әдебиет, мәдеиет, спорт саласындағы белгілі адамдардың еңбектері, жетістіктері, өмірбаяны секілді мәліметтер қордаланған. Архив ұсынатын мәліметтер бастапқы түпнұсқаға негізделетіндіктен ол бұлжымас дәлел ретінде де маңызға ие.
Демек, Елбасы Жарлығымен елімізде 2013 жылдан бері аталып өтетін мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні – жоғарыда аталған сала қызметкерлеріне, өнер адамдарына деген мемлекет пен қоғамымыздың ізгі құрметінің бір белгісі.
Жиында мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің қоғамдағы осынау игі рөліне маңыз берген қала әкімі табандылықпен еңбек етіп, ортақ мәдениетіміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан озат, белсенді қызметкерлерді марапаттады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасын «Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты» Текелі филиалының директоры Бағила Нүсіповаға, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғысы хатын Мәдениет үйіне (директоры Константин Нестеров) және «Металлург» шағынауданының клуб меңгерушісі Жандос Дәуренбековке тапсырды.
ҚР Ұлттық кітапханасының Құрмет грамотасымен кітапханашы Ирина Вандакурова марапатталды. Кітапханашы Еркебұлан Баймолданованы «Болашақта кітапхана жастар үлесінде» аталымы бойынша сертификатпен, дипломмен, «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгісімен және мәдениет және өнер саласындағы ұйымдар мен қызметкерлердің «Рухани қазына-2019» республикалық фести-валінің Алғыс хатымен марапаттады.
Алматы облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Құрмет грамотасын Есбол Мағауя алды. Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының Құрмет грамотасы Бағдат Жүнісов иеленді.
Қала әкімінің Алғыс хаты Айгүл Қалысбаева, Тамаша Қадырбек, Жәмилә Оразбай, Семен Комаров, Есімхан Тұрсынбек, Юрий Попов, Юрий Трубанов, Жайлыбай Райымбековке табысталды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз