Нәубетті ұмытпа!

0
49

  Кеше қалалық Мәдениет үйінің алаңына жиғанған текеліліктер саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды.
«Халық жауы» деген сұрқия атпен қатігез саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге түсіп, оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Салдарынан қаншама қазақ зиялылары зардап шекті.
1920 жылдардың соңында және 1932-1933 жылдар аралығында қасақана ұйымдастырылған зауалдан, әсіресе, қазақ халқы қатты зардап шекті. Тек 1932-1933 жылдары ең кемі 1,5 млн. қазақ аштықтан ажал құшты. Дегенмен бұл деректер әлі де зерделеуді қажет етеді. Ал аман қалғандардың тағы 200 мыңнан астамы басқа елдерге жосып кетті.
Сол жылдары нәубетке шарпылмаған, аштық тауқыметін тартпаған қазақ қалған жоқ. Кейбір ауылдар тұтастай жоқ болып кетті.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз