Балаға назар сал!

0
55

  Мектеп оқушыларының жазғы демалысқа шыққанына да біраз күн болды. Алда балаларды лагерлер қарсы алады. Десе де, үйдегі кезінде олардың қауіпсіздігіне көңіл бөлген жөн.
Биылғы жауынды әрі салқын көктем, әсіресе, балаларға жайдарды жазды қатты сағындырғаны сөзсіз. Жаздың ашық аспанды жылы күнінде оларды үйде ұстау мүмкін емес. Әрине, достарымен асыр салып ойнауға бар. Сондықтан, күнделікті қауіпсіздікті айтып отыру, құрылыс жүріп жатқан немесе сүрілген нысандардың аумағына бармауды, белгіленбеген жерде суға шомылуға болмайтынын, сондай-ақ, жол қауіпсіздігіне көңіл бөлуді ескертіп отыру артықтық етпейді. Сақтықта қорлық жоқ!

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз