Алтын ұядан жарқын қиянға!

0
215

    

25 мамырда еліміздегі барлық мектептерде соңғы қоңырау сыңғырлап, балалар көңілді жазғы демалысқа тарады. Тағы бір толқын жас түлектер алтын ұя мектепті бітіріп, қияндарға қанат қомдады.
№6 орта мектебіне барып, мектеп түлектерінің соңғы қоңырау салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы қала мектептерінен түлеп ұшқан барлық бітірушілерге ақ жол, сәттілік тілеп: «Енді санаулы күндерден соң сендер үшін ең жауапты кезең: емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу сыны күтіп тұр. Әрқайсың жоғары жауаптылықты сезініп, ата-аналарыңның, ұстаздарыңның ақ үмітін ақтайды деп сенемін! Болашақ ұрпақтың бойына білім нәрін құйып, отаншыл рухта тәрбиелеп жатқандары үшін біздің аяулы ұстаздарымызға шынайы ризашылық білдіріп, алғыс айтамын»,– деді. Сондай-ақ, барлық оқушыларды жазғы демалыстың басталуымен құттықтады.
Биыл қаламыздағы 8 орта мектептен барлығы 133 түлек бітірді. Оларың ішінде Алтын белгіге – 16, Үздік атестатқа 8 оқушы үміткер.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз