Тазалыққа мән беріңіз!

0
248

  Қаламыздың таза, ретті әрі қауіпсіз ортасын қалыптастыру үшін қала тұрғындары біркісідей атсалысуы керек.
Осы игі мақсат жолында мекеме, кәсіпорындар мен түрлі қоғамдық бірлестіктердің ұжымдары, сауда орындарының иелері, жеке кәсіпкерлер, көпқабатты және жеке үйлердің тұрғындары өздеріне қарасты аумақтың тазалығына, атап айтқанда, маңайдағы өскен шөптерді уақытында орып, орта тазалығын сақтауға азаматтық жауапкершілік танытулары керек. Яғни, белгіленген жердің тазалығы талапқа сай болмаса, жауапкершілік арқалайды.
Осы орайда, полиция бөлімі мен мекеме, кәсіпорын қызметкерлерінен құрылған арнайы топ тазалық талаптарын орындамаған немесе өрескел бұзған заңды және жеке тұлғаларға ескерту жасап, немқұрайдылық танытқандарға әкімішілік жауапкершілік қарастырылатынын еске салады.
Айталық, Әуезов 39-үйдің бірінші қабатында орналасқан сән салонының маңайын өскен шөптерден, шашылған қоқыстан таразту туралы ескерту жасалды. Сол секілді, орта тазалығына мән бермеген Тәуелсіздік 32-А мекенжайындағы жер телімінің иесіне 20 АЕК көлемінде айып-пұл салынды. Қала әкімінің ескертуінен соң Әуезов 32-үйдің маңы ретке келтірілді.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз