Сауаптың жолы – игі іске жомарттық

0
166

Он екі айдың сұлтаны қасиетті Рамазан айы баршамызға берекелі болып, мейірімді Алла тағала жасаған құлшылықтарыңыз бен ізгі амалдарыңыздың сауабын еселеп қайтарсын.
Хадис-шарифке сүйенсек, Рамазан айында жасалған әрбір ізгі амал оннан жеті жүз есеге дейін еселенеді. Сауабының салмағы батпандай осы бір қасиетті айда жер сұлуы Жетісудың жауһарындай болған Текелі қаласында Алланың жердегі үйі мешіттің қазығын қағып, құрылыс жұмысын бастамақпыз. Пайғамбарымыз Мұхаммед мұстафа саллаллаһу алейһи уә сәлләм бір құдси хадисте: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» – деп сахабаларын құлшындырғаны белгілі.
Ендеше жүрегінде иманы бар, дидары нұрлы, пейілі кең, қолы ашық атымтай жомарт азаматтар – осы мешіттің бой көтеруіне атсалысып, Алланың разы-лығына бірге бөленейік. Өйткені, Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Мәидә» сүресінің 2-ші аятында: «Жақсылық жасауда, тақуалыққа жетуде бір-біріңе жәрдемдесіңдер!» – деп бұйырады.
Барша мұсылман қауымды Алланың әмірін орындау мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетін жаңғыртып, жақсылыққа жәрдемдесуге шақырамыз.
Тіршілігің алдыға шықса – құлшылығың қаза болады, құлшылығың алдыға шықса – тіршілігің таза болады!
Алла разы болатын амалды бірге жасауға асығайық, мұсылман бауырлар!
Реквизиттері:
Солтан Ақиқат
ИИН 700215399044,
Каспий счет:
KZ65722C000014429677, Kaspi gold: 5169 4971 5698 2252,
Народный счет:
KZ976010012001348994, Halyk bank: 5578 3427 0951 6345.
Сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласыңыз: 8 705 448 80 01, 8 778 593 82 55 Ақиқат.
Электронды пошта: akikat.0218@mail.ru

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз