Келісімге қол қойылды

0
290

  Осы аптада қытайлық мердігер компания – Jianglian International Engineering жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен қалалық әкімдік арасында қалада көпқабатты тұрғын үй салу бойынша екіжақты келісімге қол қойылды.
Шараға қала әкімі Бахтияр Өнербаев, сондай-ақ, орынбасарлары, қалалық құрылыс бөлімі мен экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшылары қатысты.
Аталған компния өкілдері өткен аптада қаламызға келіп, іскерлік кездесу өткізген еді. Кездесуде қала әкімі оларды қаламыздың жалпы экономикалық әлеуетімен, туризм саласындағы мол мүмкіндіктерімен таныстыра келе, осы бағыттағы шешуге тиісті түйіндерге, атап айт-қанда, тұрғын үй саласындағы мәселелерге маңыз берген болатын. Қаламыздың тиімді шарт-жағдайымен кеңінен танысқан қытайлық компания қала құрылысына қаржы салу бойынша келісімге келді.
Келісімге сай мердігер компания арадағы барлық қажетті құжаттарды халықаралық заң-талаптар негізінде дайындап, құрылыс салуға қаржы аударады. Демек, құрылыс жұмыстары күзге қарай басталады деп күтілуде.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз