Туристік слет өтті

0
288

  11-12 мамыр күндері қалалық білім бөлімімен келісімімен қалалық балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығы және «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ қалалық филиалының ұйымдастыруымен білім мекемелерінің кәсіподақ мүшелері арасында ІІ туристік слет өтті.
Шараның мақсаты – қаладағы спорттық туризмді дамыту, ұстаздар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу.
Жарысқа қаламыздың мектептерінен 24 ұстаз қатысуға ниет білдіріп, 6 команда жасақталды.
Туристік слеттің ережесіне сәйкес жарыстың алғашқы күнінде қатысушылар табиғат аясында шатырларын тігіп, командалар өздерін таныстырып, әртүрлі кедергілері бар жеке қашықтыққа жүгіріп, туристік әндер шырқаса, аспазшылар сайысында шеберлер табиғи өнімдерден жеңіл, әрі тез дайындалатын тағамдар жасады.
Келесі күні 3 ұл, 1 қыздан құралған командалар 5 км дейінгі қашықтыққа жүгіру, аспалы арқан арқылы өзен арнасын бағындыру, алғашқы медициналық көмек көрсету, жартасқа өрмелеу, жаралы адамды тасымалдау сынды спорттық бағдарламаларда бақтарын сынап, өзара мықтыларды анықтады.
Тағайындалған әділқазы алқаларының шешімі бойынша бағы мен бабы келісіп, І орынды №6 орта мектептен келген команда иеленсе, ІІ және ІІІ орынды №5 және №7 орта мектептері жүлделі орындарды бөлісті.
Жеңімпаздарға Текелі қалалық филиалының кубогы мен дипломдары табысталды.
А. ТҰРСЫНҒАЛИЕВ, Текелі қалалық кәсіподақ филиалының төрағасы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз