Тиімді инвестиция

0
154

    Әлем елдерімен кең көлемді, жан-жақты экономикалық қарым-қатынасқа мән беру – бүгінгі дамушы мемлекеттердің барлығына тән құбылыс. Бұл тұрғыда экономикасы мығым елдердің халықаралық нарықтағы қаржылық инвестициясын молынан тарта білудің маңызы зор. Яғни, әлемдік нарықтағы экономикалық ағысты қай мемлекет өзіне бағыттай алса, сол елдің дамуы қарқын алатыны дәлелденген шындық. Еліміз дамушы ел ретінде осы әлемдік тәжірибеге маңыз беріп отыр.
Елбасы халыққа арнаған Жолдаулары мен бағдарламалық мақалаларында жергілікті жерлерге инвестиция тартудың маңыздылығын үнемі айтып келеді. Бүгінде мемлекеттік бағдарламалар қаламыздың тыныс-тіршілігіне оң өзгерістер әкеліп, экономикалық, әлеуметтік жағдайымыз жыл өткен сайын жақсарып келеді. Дегенмен, шешуге тиісті түйіндер аз емес. Соның ішінде, баспана, ауыз су және эколгогиялық мәселелерді тез арада шешу қажеттілігі туып отыр. Сондықтан, қала әкімі Бахтияр Өнербаев инвестиция тартуға баса мән беруде.
Осы аптада қытайлық Jiangnian International Engineering компаниясының өкілдері қаламызға арнайы келіп, іскерлік кездесу өткізді. Кездесуде қала әкімі Б.Өнербаев қаламыздың жалпы экономикалық әлеуетімен, географиялық тиімді шарт-жағдайымен, әсіресе, туризм саласындағы мол мүмкіндіктерімен егжей-тегжейлі таныстыра келіп, инвесторлардың назарын осы бағыттағы шешуге тиісті түйіндерге, атап айтқанда, жан саны тез өсіп келе жатқан қала тұрғындарының баспана мәселесін шешу, инфрақұрылымдарды жаңғырту, қалаға таза ауыз су жеткізу, кәріс суын тазарту станциясын салу, сондай-ақ, жиналған өндірістік қалдықтарды зарарсыздандыру бойынша мәселелерге аударды.
Жалпы, әлемдік тәжірибеде инвестиция қоғамдық ортасы тыныш, даму болашағы сенімді, инвесторлар үшін тиімді мүмкіндіктер қамтамасыз етілген елдерге аунап отырады. Сондай-ақ, жергілікті жерлердің ұсынған жобалары да шешуші рөл ойнайды. Кездесуде осы талаптарға көңілі толған аталған компания өкілдері қаламызға инвестиция әкелуге ниетті екендіктерін жеткізді. Олар алдымен қалада 40 пәтерлі 5 үй салуды көздеп отыр.
Еске сала кетсек, аталған компания әлемнің ондаған елдерінде жеңіл өнер-кәсіп, инфрақұрылым, құрылыс, су күші энергиясы саласында 200-ден астам жобаны жүзеге асырған.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз