Тәртіптен басталады

0
365

  7 мамырда Отан қорғаушылар күніне орай қалалық жастар ресурстық орталығында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.
Шараға полицияға қолдау көрсетуші «Жалын» студенттік жасағының және Текелі қаласының еріктілері қатысты.
«Текелі қалалық Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Р. Мырзағалиев сөз алды. Ол өз сөзінде: «Ауған соғысы туралы қазір айтылып жүрген түрлі пікір, әңгімелердің қисынды да, қисынсыз да тұстары бар. Біріншіден, біз әскери борышымызды өтеуге ант бердік. Ал берілген антқа адал болу азаматтық, адамдық міндетіміз. Сол секілді, осы соғыста қаза тапқан жауынгерлерді босқа жан қиды дегенге де келіспеймін. Олардың есімдерін ұмытпау, кұрмет тұтып, ұлықтау – бүгінгі біздің парызымыз.
Біз текелілік Ауған соғысы ардагерлерінің басын қосып, қоғамдық бірлестік құрдық. Бір-бірімізге моральдық, психологиялық тұрғыда қолдау көрсетіп тұрамыз. Алдымызға қойған мақсаттар, жоспарлар жетерлік. Ен бастысы, өсіп келе жатқан жас буынның бойында отансүйгіштік тәрбие сіңіруге, атсалысып келеміз», – деп жастарды білімді, тәрбиелі, тәртіпті, ержүрек болуға шақырды.
Шара барысында ұлттық рухты көтеретін бейнероликтер көрсетіліп, жастар санасына патриоттық сезім ұялататын әсерлі әңгімелер айтылды, сондай-ақ, отаншылдық әндер шырқалды.
М.МҰХАМЕТ, дін істері инспекторы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз