Спорт ойға өріс, іске берекет береді

0
22

  Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында айтылған бұқаралық спортты дамыту тапсырмасын іске асыруда мемлекеттік қызметшілердің үлгілік рөлі қашанда маңызды.
Осы мақсатта Алматы облысы қазынашылық департаменті өңіріміздің жер-жеріндегі басқармалардағы мемлекеттік қызметшілердің салауатты өмір салтын ұстанып, жұмыстан бос уақытында спортпен айналысуына мән беріп келеді.
Департаменттің Текелі қалалық басқармасындағы мемлекеттік қызметшілер жұмыстан бос уақытын тиімді пайдаланып, аптасына екі рет №5 орта мектебінің спорт залында жаттығуға қатысады. Әрине, спортты, салауатты өмір салтын ұстанатындардың көңілі көтеріңкі, жұмысы да тыңғылықты, сонымен бірге, түрлі спорттық жарыстарда да олардың десі басым. Айталық, жақында Талдықорғандағы «Жастар» спорт кешенінде Қазақстан қазынашылық қызметінің 25 жылдығы аясында қазынашылық саласында еңбек ететін мемлекеттік қызметшілер арасында волейбол, шағын футбол және үстел теннисінен өткен бәсекеде Алматы облысының командасы волейболдан жеңімпаз атанып, жазда Нұр-Сұлтанда өтетін республикалық турнирге жолдама алды. Сондай-ақ, Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай қаладағы мекеме, кәсіпорын ұжымдары арасында волейболдан өткен турнирде қазынашылық басқармасының қызметкерлері белсенді қатысты.
Қорыта айтқанда, Елбасы меңзеген бұқаралық спортты дамыту бастамасы халқымыздың денсаулығын күшейтіп, өмір сапасын жақсартуда маңызды мәнге ие.
Камшат НҰРЖАНОВА, Текелі қаласы қазынашылық басқармасының бас маманы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз