Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу

0
297

  Сайлау – Қазақстанның дамуындағы жаңа кезеңге жол ашатын маңызды саяси оқиға. ҚР Президентігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайлаудың ел үшін таза, ашық, әділ өтуінің маңыздылығын ерекше мән берген еді.
12 мамырда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сайлауалды науқанның үгіт-насихат жұмыстары басталды. Бағдарлама негізгі үш қағидаға табан тіреп, «Сабақтастық! Әділдік! Өрлеу!» ұранынан көрініс тапты. Осы орайда, Мәдениет үйінің алаңында «Нұр Отан» партиясынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерді қолдауға арналған «Jas Otan» жастар қанатының акциясы өтті.
«Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Алма Нұрмыханова және Текелі қаласы №8 орта мектебінің директоры Жанар Жаакпекова жиында сөз алып, сайлаудың еліміз үшін, болашағымыз үшін маңыздылығына тоқ-талды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Елбасының бағытын ары қарай тиімді жалғастыратын, әділдікті басты құндылықтарымыз деп, өрлеуді қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне берілетін лайықты жауап деп білетін азамат ретінде танып, оны қолдайтындарын жеткізді.
Назерке МАМЫРБЕК

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз