Ұмытпау үшін еске алу

0
23

  Жеңіс күніне орай «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік жиын өтіп, жеңіс жыры шырқалды.
Үлкен залда өткен мере-келік шарада көпшілікті Жеңіс күнімен құттықтаған орталық директоры Алма Нұрмыханова кешегі өткен тарихты, жауған оқтың арасында от кеше жүріп, қанымен, жанымен туған жерді қорғаған ерлерімізді, ерлік рухты ұмытпай еске сақтаудың қажеттілігіне маңыз беріп, елімізге, жерімізге бейбіт өмір тіледі.
Мерекелік шарада орталық қызметкерлері мен тұрғындар соғысқа аттанып, ерлікпен құрбан болған сарбаздың ерлігін, жарымжан болып оралған азаматтың, баласын са-ғынған ананың, жарын күткен әйелдің бейнесін сомдап, көпшілікке кешегі сұрапыл соғыстың орны толмас ауыр салдарын айнытпай елестетті. Қойылымды тамашалаған қариялар ауыр күрсініп, көздеріне жас алды. Себебі, орталыққа келген әрбір қарт кісінің өз өмір тарихы бар. Олар да жас кезінде соғыстың зардабыт тартқан. Әкесінен, ағасынан, жақын-жанашырларынан айырылған. Соғыстан кейінгі қайта құру жалдарындағы қат-қабат қиындықтарды басынан өткерген. Шындығы сол, аға буын өкілдерінің арасында бауыры бүтін адам жоқтың қасы.
Сондықтан да, бүгінгі ұрпақ берекелі, бейбіт өмірімізді бағалай білуі, ерлерше еңбек етіп, еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, есе қосуы, тарихқа қол таңбасын қалдыруы керек-ақ.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз