Телевизияның балаға әсері

0
61

  Үйде жалғыз қалу! Бұл Жаңа жылда көрсетілетін көңілді фильмнің аты емес, бұл –балаларымыздың күнделікті өмірі. Ата-аналары жұмыста, ал балалар, «әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ», өздерімен өздері, нақтырақ айтсақ, үйіміздің төрін алған бұқаралық ақпарат құралдарының қолында. Әрине, қазіргі заманғы телевизия «бала күтуші» рөлін оп-оңай атқарады. «Теледидар-күтуші» баланы экранға жіпсіз-ақ байлайды, бұл жерде, былай қарасаңыз, қорқатын ештеңе жоқ сияқты, әр ата-ананың арманы осы емес пе – бала үйде, іші піспейді, қауіпті ештеңемен айналысып жатқан жоқ – алаңсыз жұмысқа кете беруге болады.
Бірақ, баланың сыртынан есікті құлыптауға, яғни оны теледидармен оңаша қалдыруға асықпайық. Қанеки, жоғарыда ойлағанымыздай, балаларымыз үнемі қауіпсіз жағдайда ма, соның басын ашып алайық…
Мәселені қарапайым сұрақтан бастайық: «Балалар неге теледидарға телміргенді жақсы көреді»?
Психологтар дың айтуынша, экрандағы кескін баланың назарын шынайы өмірден аударып әкетеді. Мысалы, кинотеатрға барғанда бала экрандағы оқиғаның ойдан құрастырылғанына толықтай есеп бере алатындай жағдайда болғанымен, үйде ол жаңа ақпаратты өзіне үйреншікті ортада отырып алады. Дәл осы жағдай баланың миын шатастырып, экранда болып жатқан іс-әрекетті шынайы өмір ретінде қабылдауға мәжбүрлейді.
Көптеген телевизиялық арна ақпаратты сүзгіден өткізбейді, көрерменді жіктемейді, яғни қандай да бір хабарды көруге кімге болады, кімге болмайды деген мәселемен айналыспайды. Балаларға арналған хабардан кейін жаңалықтар топтамасы, одан кейін зорлық-зомбылық сахналанған атыс-шабыс фильм, артынша көрмесіңе қоймайтын жабысқақ, бірақ кейде балаға түсініксіз жарнама болуы мүмкін. Жаңалықтар блогына әрқайсысы алпыс секундқа ғана созылатын жиырмаға дейін сюжет кіруі кәдік. Яғни кішкентай көременнің көргенін, ол сәтте не сезінгенін саралап, түйсініп жататын уақыты жоқ. Ол өзіне түсініктісі, түсініксізі бар ақпараттың астында қалады, олардың әрқайсысын санасына жеткізіп үлгермейтіндіктен, бала оларды қабылдай да алмайды. Осылайша баланың назарын жинақтаудың жетіспеушілігі пайда болады, ал оның жемісін біз мектепте оқу басталғанда көреміз. Ондай балалар ойын жинақтауға, айналадағы болып жатқанды түсінуге келгенде қиналады.
Баланы басып қалған ақпарат тасқыны түнге қарай баланың әлі бекімеген бейсанасына шөгіп, психикасына зиянын тигізеді. Сондай-ақ, баланың миына керек ақпарат ағынының орнығуына кедергі келтіреді. Керек ақпарат дегеніміз – өмірде қажет болуы мүмкін бүкіл тәжірибе: ата-анаға деген қарым-қатынас, қатарластарымен араласуы, өз жасындағы баланың қарапайым дағдылары.
Сөз жоқ, балаларға өздеріне лайықты телевизиялық арнаны таңдауда сіздердің көмектеріңіз керек екенін түсіну үшін психология профессоры болу міндетті емес. Оның үстіне ондай телеарна бар!
«Балапан» телеарнасы 2010 жылы хабар таратуды бастап, табысты дамып келеді.
Отандық өндіруші еліміздің кішкентай азаматтарының мәдени салт-дәстүрлер мен тарихқа сәйкес дамуына, салауатты ұстанымдарының қалыптасуына мүдделі.
«Балапан» телеарнасы миллиондаған баланың сүйікті арнасына айналды. Арнада кішкентай тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған хабарлар мұқият таңдалады. Солардың көмегімен бала мәдениет, тарихпен танысады, туған тілін, туған мәдениетін жақсырақ түсінуге үйренеді, табиғат әлемі мен ғылыми жаңалықтар әлемін ашады. Балаларға арналған хабарлар логика мен қалыптан тыс ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі. Телеарнада көптеген зияткерлік, әзіл-сықақ және спорттық хабарлар бар.
Сегіз жыл ішінде телеарна балаларға арналған үш жүзден аса телевизиялық жобаныы өмірге әкеліп, әсіресе ғылыми-танымдық бағдарламалар жасауға көп көңіл бөлді. Жас көреремендердің IT технологиялар мен ғылыми тәжірибелер әлеміне бойлауына мүмкіндік зор. Арнадағы көп хабар балаға социумда бой үйретуге көмектесуге, күрделі жағдайларда не істеу керектігін көрсетуге негізделген, бұл оның қоғамға сәтті бейімделуіне, яғни айналадағы адамдармен түрлі жағдайда еркін қарым-қатынасқа түсуіне жол ашады. Телеарнада балалардың өздері жүргізетін бағдарламалар көп, әрі олар жас көрермендердің ерекше ықыласына ие.
Бүгінгі таңда «Балапан» арнасы «Цифрлық эфирлік телевизия» мемлекеттік жобасы шеңберінде қолжетімді мемлекеттік телеарналар топтамасына енгізілген. Цифрлық хабар таратуға көшкелі бері отбасылық әрі ойын-сауықтық «Балапан» телеарнасы енді үлкен қалалар мен аудан орталықтарында ғана емес, шалғай ауылдарда да қолжетімді.

Бұдан былай, жұмысқа аттанарда, үйде балаңыз үшін қауіпсіз ақпараттық кеңістік қамтамасыз етілгеніне сенімді бола аласыз. Ал «Балапан» арнасындағы хабарларды балаңызбен бірлесіп көру – талқылауға болатын жаңа, әрі қызықты ортақ тақырыптарды ашары сөзсіз. Өмір гүлі – балаларымыз ақылды. әрі бақытты болып ержетсін.
Өңіріңізде цифрлық хабар таратуға көшу туралы сұрақтарыңыз болса, «Қазақстан телевизиясын цифрландыру» жобасы туралы https://tsetv.kz сайтынан толығырақ мәлімет алыңыз.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз