Цифрлық эфирлік телевизияға көшу: елімізге осынша шығын не үшін қажет?

0
66

  «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында аналогтық телехабар таратудан цифрлық эфирлік телевизияға көшу жобасы іске асып жатыр. Биылғы маусым айынан бастап дыбыс пен суреттің жаңа сапасы Қостанай, Павлодар мен Алматы оьблысының тұрғындарына қолжетімді болмақ.

Елді цифрландыру – өте ұзақ, әрі қымбат үрдісс.

Қымбатқа түсетін болса, аналогтан цифрға өту бізге не үшін керек, ол қандай міндеттерді шешеді? Осы және басқа да сұрақтарды біз «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Коммерциялық директор Дальмира Шигаеваға қойдық.

Сарапшының сөзіне сенсек, цифрлық эфирлық телевизия (ЦЭТВ) Қазақстанның жалпы контент нарығындағы отандық телеарналардың хабар тарату үлесін ұлғайтады. Яғни, бұрын 4-5 арна көріп, ресей «тәрелкелерін» қондыруға мәжбүр болған ауыл халқы енді одан бас тартып, облыстық, республикалық телеарналарды тамашалай алады деген сөз.

Сондай-ақ, бұл елдің ақпараттық қауіпсіздігін арттырады. Яғни, телехабар сигналы шекарадан тыс шығып жатқан көршілес мемлекеттер: Қырғызстан, Өзбекстан және Ресеймен шекаралас аумақтардың тұрғындары да жаңа қазақстандық телевизияға оңай өте алады.

Бұл ретте бейнеконтент талаптар мен сапа бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Егер бұрындары ол көбіне қала тұрғындарына қолжетімді болса, енді цифрлық хабар таратуға көшкеннен кейін ауылдың әр үйінде 15 шақты отандық телеарна көрсетіледі.

Демек, көрермендер еліміздің аумағында лицензияланбаған, өзге елдердің жерсеріктік операторларынан бірте-бірте бас тартып, қазақстандық хабар тарату операторларын таңдайтын болады.

Тағы бір шешілген, елдің бүкіл коммуникация саласы үшін маңызды міндет – радиожиіліктерді үнемдеу. Аналогты хабар таратуда бір жиілікте тек бір арна ғана трансляцияланса, цифрлық хабар таратуда бір жиілікте 15 телеарна таратылады екен. Цифрға көшу есебінен босатылған жиіліктер коммуникацияның басқа түрлері үшін тиімді жұмыс істейтін болады.

Айсұлу Асан, Карағанды

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз