Цифрлық эфирлік телевизияға көшу: аналог енді неге жарамайды?

0
387

  2018 жылдың күзінен бастап елімізде цифрлық эфирлік телевизияға (ЦЭТВ) көшу жүріп жатыр. 2019 жылдың маусымында аналогтық хабар тарату Қостанай, Павлодар және Алматы облыстарында өшіріледі. Ал 2021 жылы республиканың бүкіл аумағы жаңа әрі тегін цифрлық форматқа көшеді.
Яғни, тіпті ең шалғай орналасқан ауылдың тұрғындары әдеттегі 4-5 арнаның орнына жаңа 15 шақты қазақстандық арнаны цифрлық сападакөре алады деген сөз. Ал облыс орталықтары мен республикалық маңыздағы қалаларда 30 телеарнаға дейін көрсетілетін болады.
Бұл үшін республикада қазірдің өзінде жоспарланған 827 радиотелевизиялық станцияның 446-сы салынып бітті. Халықтың 83 пайызы цифрлық хабар таратумен қамтылды.
Телевизияның жаңа стандартына көшу туралы «Женева 2006» халықаралық келісіміне 100-ден астам ел қол қойған. Қазақстан да – солардың қатарында. Ескі аналогты жабдық «цифрда» жұмыс істеуге жарамайды. Ал қосалқы бөлшектері болса да жоқ. «Аналогтың» сигналы жіберу барысында көп кедергілерге ұшырайды: бұл ескі хабар таратудың басты кемшілігі.. Сонымен қатар, аналогта бір жиілікте сигналдың бір таратқышы болса, цифрда бір жиілікте 15 телеарнаға дейін хабар таратады.
Көрермен сүйіп көретін «Балапан» және «Kazsport» арналарын енді кез келген ауыл тұрғыны көре алады. Халықаралық талаптарға сәйкес келетін сапалы телевизиялық контент қала мен ауыл тұрғындарына бірдей дәрежеде қолжетімді.
Бұл үшін 25000-30000 теңге қаражат кететін қымбат жерсеріктік тәрелке орнатудың қажеті жоқ. Арналар үшін кабельдік операторға ақша төлемейсіз.
Ал шекара маңындағы аумақтарда өмір сүріп, көршілес елдердің телевизиясын қарауға мәжбүр болған тұрғындар енді отандық телеарналарды таңдап, елдегі лицензиясыз арналардан біржола бас тарта алады.
Цифрлық телевизияға көшуге дайындық республикада «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік желісі іске қосылған 2011 жылы басталған. Келесі кезең цифрлық хабар таратуды DVB-Т2 еуропалық стандарты негізінде, хабар тарату көлемін ұлғайта әрі жиіліктік ресурстарды үнемдей отырып, дамыту болды.
Жаңа «цифрға» қосылу үшін қабылдағыш керек немесе теледидарыңыз 2013 жылғыдан ескі болмауы тиіс. Осыдан кейін жаңа желіге теледидарды бала да қоса алады.
Әлбетте, тұрмысы нашар отбасыларды тегін қабылдағышпен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік көмек туралы да айта кеткеніміз жөн. Олар тегін қабылдағыштарды жергілікті әкімдіктерден ала алады.
Өткен жылдың күзінде Маңғыстау, Жамбыл және Түркістан облыстары аналогтық желіні өшіріп, цифрлық хабар таратуға көшті.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз