Цифрлық эфирлік хабар таратуға көшу

0
64

  2019 жылдың маусымында Алматы, Қостанай және Павлодар облыстарында аналогты телехабар тарату тоқтатылады. Ең шалғай деген елді мекендердің тұрғындары дыбыс пен суреті цифрлық сапада SD пішімінде көрсететін 15 шақты телеарнаны тегін тамашалай алады. Ал облыс орталықтары мен оған жақын маңдағы аудандарға 30 шақты телеарна қолжетімді болады.

Алматы, Павлодар және Қостанай облыстарында цифрлық эфирлік хабар таратуға көшу 2019 жылғы 10-30 маусым аралығына жоспарланған. Бүгінгі таңда үш облыста 178 радиотелевизиялық станция құрылысы салынып, жаңғыртылған. Бұл жоғарыда аталған облыстардың 1784 елді мекенін цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтуға мүмкіндік береді.
Көптеген отандық телеарналарға тегін қолжетімділікке көшу елдің шекара маңындағы аумақтарының тұрғындарына өте маңызды. Өйткені көп үйлерде көршілес елдердің жерсеріктік телевизиясы хабар таратуда. Мысалы, Қостанай облысы Ресейдің Орынбор, Челябинск және Қорған облыстарымен шекетеседі. Қазіргі кезеңде бұл жерде шетелдік операторлар жалпы тұрғындардың 19%-ын хабар таратумен қамтып тұр. Павлодар облысы да Ресейдің кейбір облыстарымен шектеседі. Бұл өңірде ресейлік операторлардың абоненттер саны 50 000-ға жуық.
Өңір халқын цифрлық қабылдағыштардың жеткілікті санымен қамтамасыз ету және халық арасында дефицитті болдырмау мақсатында облыста арнайы DVB-T2 қабылдлағыштарын сату нүктелері ұйымдастырылған, орташа баға 3500-ден 10 000 теңгеге дейін өзгеріп тұрады.
Үш облыста әкімдіктермен бірлесіп атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларды цифрлық қабылдағыштармен қамту бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұдан бұрын Алматы облысында 4967 отбасына қабылдағыш берілді. Биылғы жылы цифрлық қабылдағыштармен үш облыста 4000 отбасыны қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Өткен жылдың күзінен бері Алматы, Қостанай және Павлодар облыстарында алда болатын цифрлық телехабар таратуға көшу туралы ақпараттандыру жұмыстары жүріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың күзінде цифрлық хабар таратуға Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы көшті.
Қосылу туралы толығырақ біздің парақшамыздан оқи аласыздар:
https://www.facebook.com/tsetvkz/
https://www.instagram.com/tsetv_kz/?hl=ru
#цифровоетвказахстана #цифровоетелевидение#цифровоетелевидениетараз #цифровоетелевидениетуркестан#цифровоетелевидениемангистау #цифровоетелевидениеактау#телевидениешымкент #бесплатноетелевидение #цэтвказахстан #tsetv

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз