Әлеуметтік мәселе назардан түспейді

0
314

  «Nur Otan» партиясы Текелі қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бахтияр Өнербаев партияның «Халыққа көмек» жобасы аясында тұрғындарды қабылдады.
Партияның қалалық филиалында өткен қабылдауға қала әкімінің орынбасарлары мен бірқатар мемлекеттік мекемелердің басшылары, заңгерлер қатысты.
Баршаға белгілі, Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмаларына сай бүгінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, әсіресе, көпбалалы, аз қамтылған, көмекке мұқтаж азаматтардың жағдайын саралап, олардың қиындықтарды еңсеруіне қолдау көрсетуге баса назар аударылып, нақты жұмыстар атқарылуда. Қазір қала бойынша жәрдемге мұқтаж отбасылары мен жеке азаматтардың әлеуметтік картасы әзірленді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың саны артып, олар жаңа әлеуметтік бағдарламалар бойынша көбейтілген жәрдемақыларды ала бастады. Сонымен бірге, әлеуметтік әлсіз топтарды сүйемелдеудің басқа да барлық мүмкіндіктері қарастырылуда. Қабылдауға келген тұрғындардың түрлі мәселелерін құлықпен тыңдап, сұрақтарына жауап берген қала әкімі Б.Өнербаев барлық өтініш-тілектер қалтарыста қалмайтынын, оң шешімін табуға күш салынатынын жеткізді, мәселелер бойынша орынбасарлары мен тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз