Дайындық пысықталды

0
246

  Қалалық №8 орта мектебінде биыл мектеп бітіретін оқушылар және олардың ата-аналарымен кездесу өтіп, ҰБТ-ға дайындық пысықталды.
Кездесуге қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы қатысты.
Алдымен білім бөлімінің бас маманы А.Дүкенова арнайы дайындалған слайдтарды пайдаланып, ҰБТ талаптарын жан-жақты түсіндірді.
Жалпы, ҰБТ форматы өзгеріссіз. Қажетті құжаттар базаға енгізілгеннен кейін емтиханға қатысушыға құжаттардың толық қабылданғаны туралы анықтама мен емтиханға рұсаттама беріледі. ҰБТ 20 маусымнан 5 шілдеге дейін еліміздің жер-жеріндегі арнайы белгіленген орындарда өткізіледі. Емтихан өткізілген күні жарияланатын нәтижелерді www.testcenter.kz сайтынан алуға болады.
Кездесуде С.Болысбайұлы оқушылардың ҰБТ-ға дайындығына баса назар аударып, қалған уақытты тиімді пайдалануға, әсіресе, білімін саралап, болашақ мамандығын дұрыс таңдай білуге шақырды. Себебі, бүгінгі тез қарқынмен дамып отырған әлемдік үдеріс еңбек бөлінісінің қалып-тасқан тепе-теңдігін мүлде жаңаша сипатта қайтадан қалыптастыруда. Атап айтқанда, мамандарға сұраныс ғылым мен техника, өндіріс пен құрылыс, ақпараттық технология, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету секілді салаларға ойысуда. Алда болашақ мамандығын таңдайтан мектеп бітірушілер мен ата-аналар жауапкершілікпен қарап, оқушы білімі мен бейінін саралап, көрегендік таныта білуі керек. Бұл – түлектердің болашағы үшін маңызды.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз