Әрлі сөз әдебиетте

0
102

  Сәрсенбіде қалалық Мәдениет үйінде Абай атындағы дәстүрлі көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.
Шұрайлы тіліміздің өзіне тән заңдылықтарын сақтай отырып, оның қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетімізді насихаттау, кітап оқуға ынталандыру, сондай-ақ, жастар арасындағы тілі ұшқыр, есте сақтау қабілеті жоғары, шығармашыл талант иелерін байқап, олардың талабын ұштау мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан байқауға мектептердің жас мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Жүлде үміткерлері Абай шығармаларымен бірге, биыл аталып өтетін халқымыздың белгілі қаламгерлері Б.Майлин, С.Сейфуллин, С.Дөнентаев және І.Жансүгіровтің 125, Ф.Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына орай, аталған ақын, жазушылардың шығармаларынан жатқа үзінді оқыды. Дайындығы, сахналық мәдениеті, сөз мәнері, дауысы, прозалық және поэзиялық шығармаларды оқу шеберлігі секілді талаптар бойынша бағалау алқасы №5 орта мектебінің мұғалімі Мерейлім Қарабалаеваны жеңімпаз деп тапты. Ол алда өтетін облыстық байқауға қатысады. 2-орын №4 орта мектебінің оқушысы Мөлдір Таңжарық, 3-орын №3 орта мектебінің мұғалімі Данияр Серғазинге бұйырды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз