Мақал – сөздің мәйегі

0
328

  Қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Мақал – сөздің мәйегі» атты байқау өтті.
Мемлекеттік тілді дамыту, ұлттық тәрбиенің өзегі болып табылатын бабаларымыздың замандар бойы жинаған даналығының інжу-маржандары – мақал-мәтелдер арқылы жастардың ой-пікір, мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ету, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, бауырмалдылыққа, мейірімділік, кеңдік, ерлікке тәрбиелеу, жастарды бабалар аманатына адалдық пен ұрпақ алдындағы парызды сезінуге, салт-дәстүр сабақтастығы сақтауға жетелеу мақсатында өткен байқауға 15-17 жастағы мектеп оқушылары қатысты. Олар әртүрлі тақырыптарда мақалдарды берілген мақалдың бір сөзінен табанда басқа мақал айту, себебі айтылған мақалдың нәтижесін жалғастыру, тұақты сөз тіркестерінің, қанатты сөздердің балама мағынасын тұспалдау бойынша тапсырманы орындау бойынша сынға түсті. Қорытындыда №1 орта мектебінің оқушысы Аружан Тоқанова 1-орынды иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды. №5 орта мектебінің оқушысы Жансерік Есерхан – 2, кәсіптік колледждің студенті Нұрдәулет Орынбасаров 3-орынды иеленді. Жүлдегерлер дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз