Емтихан шарттары

0
352

  Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – жоғары оқу орнына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.
2019 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз.
Түлектердің білімі үш міндетті және екі бейіндік пәндер бойынша өз таңдауымен қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде тексеріледі.
Тест тапсыруды ағылшын тілінде таңдаған жағдайда, Қазақстан тарихы пәнінен тестілеуді қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде тапсырады.
Міндетті түрде математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы және 2 бейіндік пән бойынша тестілеу болады. Барлық сұрақ – 120. Тестке берілетін уақыт – 3 сағат 50 минут (230 минут). Оқушылардың ең жоғарғы 140 балл алуға мүмкіндігі бар.
Биылдан бастап түлектердің ҰБТ-ны жылына 4 рет тапсыруға мүмкіндігі болады (қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында), үшеуі ақылы түрде (2242 теңге).
2019 жылдан бастап білім беру гранттары 20 маусым — 5 шілде айында өткізілетін ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша беріледі.
Білім беру бағдарламаларының тиісті тобы бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларынан турады. Барлығы 97 білім беру бағдарламасы бар.
Білім беру бағдарла-малары топтары бөлінісіндегі гранттар саны бекітілгеннен кейін жоғары оқу орындары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізіліміне сілтеме жасай отырып, ҚР БҒМ және Ұлттық тестілеу орталығының сайттарында орналастырылатын болады.
Қабылдау кезінде грант иегері бола отырып, білім беру бағдарламаларының тиісті тобынан білім беру бағдарламасын таңдайсыз.
Білім беру бағдарламалары топтарының тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланған (https://testcenter.kz).
Барлық сұрақтар бойынша «Текелі қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуға болады. Мекенжайы: Текелі қаласы, Тәуелсіздік к.,8. т.4-47-70
А.ДУКЕНОВА, білім бөлімінің бас маманы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз