«Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығының» директоры өкiлеттiктердi терiс пайдалануда күдікті деп танылуда

0
255

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығының» директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Ол өзіне бағынышты Ақтөбе, Павлодар, Тараз және Қарағанды орталық филиалдары директорларының жалпы сомасы 1,7 млн. теңге сомасындағы ақша қаражатын қайтарымсыз негізде иелену арқылы, оларға аталған сомада материалдық залал келтіре отырып өкiлеттiктердi терiс пайдалануда күдікті деп танылуда.

Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ.

Сотқа дейінгі тергеу жеделдетілген тәртіпте аяқталды.

Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаментімен «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Қарағанды көлік оқу орталығының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ол делдал арқылы дәріс алушыдан дәрістерге қатысудан босату үшін 30 мың теңге сомадағы пара алуда күдікті деп танылуда.

Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз