Әйел бақытының формула

0
98

  Алматы облысында іскер әйелдер өз тәжірибиелерімен бөлісті Талдықорған қаласының журналистер үйінде «Әйел бақытының формуласы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қоғамның даму барысын өмірде – нәзік, көңілде биік, ал істе мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес»,- деген сөзі әйел азаматтарына үлкен сенім артады.
Сол сенімді арқалап жүрген іскер нәзік жандылар жетерлік. Солардың қатарында жүрген белгілі журналист, телевидение және радиожүргізуші, «Astana Kids» сән көрсетілімінің ұйымдастырушысы, «Kazakhstan Kids Fashion Show 2014» байқауының ұйымдастырушысы Махаббат Есен мен «Jeff Tailor» тігін үйінің иесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,«Жыл кәсіпкері-2017» байқауының үздігі Гаухар Утелбаеваны да ерекше атап өту керек.
Алматы облысының ішкі саясат басқармасы және өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен тренингке арнайы келген Махаббат Есен мен Гаухар Утелбаева шеберлік сабағында баяндама жасап, қолға алған кәсіпкерлік істердің жетістігі мен қиын тұстарымен бөлісті. Ел дамуындағы әйелдердің рөлі, іскер әйел атанудың құпиялары, жалпы іскер әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру тақырыптары талқыға түсіп, ой алмасты.
-Табысты болу үшін ең алдымен сол кәсіпке деген қызығушылық болуы қажет. Бизнесін ашқан әр адам өзін жетістікке бағыттайды. Оның даму жолдарын іздеп, бар күш-жігерін кәсіпкерлік ісінің өркендеуіне жұмсайды. Табысты әйел болу оңай емес. Себебі отбасы мен кәсіпкерлікті қатар алып жүру өте қиын. Ашқан кәсібіне бар күш –жігерін, уақытын бөлген адам ғана жетістікке жетеді,-деді Г.Утелбаева.
Айта кету керек, жыл басынан жүргізілген зерттеулерге сәйкес нәзік жандылардың 600 мыңға жуығы өз кәсібін дөңгелетіп, жетістікке жеткендер екен.

Балжан Жуманбекова

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз