Тегеуріні темірдей Темірлан

0
93

  2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасында бокстан Ақтау қаласында өткен халықаралық чемпионатта ОРМБЖМ түлегі, Текелі кәсіптік колледжінің І курс студенті Темірлан Ахметов 50 келі салмақта алтын медаль тақты.
Ақтау қаласында, бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Т.Калимовты еске алуға арналып, дәстүрлі түрде ұйымдастылып келе жатқан турнирге еліміздің жер-жерінен, сондай-ақ, Қырғызстан, Тәжікстан Республикаларынан ұзын саны 150 спортшы қатысты. Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, 4 жекпе-жек өткізген боксшымыз бойдағы күш-қуатын еркін байқатып, әдіс-амалдарды шеберлікпен ойната білгені үшін турнирдің «Үздік боксшы» аталымын иеленіп, бапкерлері Н.Тәжібаев пен С.Туғанбековтің үмітін ақтады.
Еске сала кетсек, биыл Өскемен қаласында өткен бокстан ел біріншілігінде Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы А.Топаевтың көзіне түскен Темірланның бұл – тағы бір нық басқан қадамы.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз