Тазалық өзімізден басталады

0
119

  Күн жылығалы үйімнен жұмысқа дейін жаяу барамын. Барып-қайтқан жолымда 5 км жүреді екенмін. Мұның денсаулығымызға пайдасын ескере отырып, баршаңызға күнде серуенге шығып жүруге кеңес беремін. Осындай кездерде менің байқағаныммен бөлісейін.
Серуен кезінде жол жиегінде, арықтарда, тротуарда, жолдардың бойында шашылып жатқан қоқыстар көзіме түседі. Мұның бәрі де шылым шегетіндердің, автокөлік иелерінің қалдырған қоқыстары және түрлі қағаздар, целлофандар, полиэтилендер мен бөтелкелер.
Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтарға айтарым: сүйікті қаламызды таза ұстап, оның гүлденуіне үлесімізді қосайық! Барлық коммуналдық қызметтерге қоқысты тротуарлардан, арық жүйелерінен, жол жиектерінен уақы-тылы шығарып, қоқысты тиісті жерде тастамаған азаматтарға әкімшілік жазалау шараларын қолдануды тапсырамын (менің орынбасарым – Р.Дүйсебаевқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы – Ғ.Қызылбаевқа, қалалық полиция бөлімінің басшысы – Ұ.Садықовқа).
Барлық ата-аналарды, ата-әжелерді кішкентай балаларыңызға, немерелеріңізге қоқысты кез келген жерге емес, тиісті жерге тастауды үйретуге шақырамын. Қаламызды ортақ үйіміз ретінде жақсы көріп, оны абаттандыратын, санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізетін азаматтардың еңбегін сыйлайық! Онсызда, қаламыздың орталығында өндірістің қалдықтар орны – қалдық қоймасы бар. Оның әсерінен адамдардың ден-саулығына зиян келуде…
Тазалық сақтауға тал-пынбайтындардың көбі жоғары білімі бар, оқыған азаматтар, өкінішке орай, олар тастаған қоқысты жоғары білімі жоқ азаматтар тазалайды.
Санитарлық тазалау және абаттандыру айлығы басталғалы қаламызда сенбіліктер өткізіліп келеді. Дегенмен, оған тек мемлекеттік қызметкерлер, мектеп ұстаздары және дәрігерлер қатысады. Егер сіздер де қатысып, тазалық жұмыстарына атсалыспасаңыздар, тек аталған азаматтардың шыққанынан не пайда?..
Сол себепті, ортақ үйіміздің гүлденуі әр-қайсымызға байланысты екенін ұмытпай, қаламызды еліміздегі ең таза, ең жайлы қала етуге бірге атсалысайық!
Бахтияр ӨНЕРБАЕВ, қала әкімі

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз