Ана мен бала қуанышы

0
138

  Ұлт көшбасшысы, Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сай іске асырылып жатқан жаңа әлеуметтік бағдарламалар аясында текелілік көпбалалы ана Назгүл Кужекеева баспаналы болып, отбасындағы үйемелі-сүйемелі 7 баласымен бірге қуанышқа бөленді.
Аталған отбасына «АСПМК-519» ЖШС қайырымдылық көмек ретінде «Достық» шағынауданындағы І.Жансүгіров атындағы көшенің бойынан 4 бөлмелі үй сатып алып берді. Көпбалалы анаға үйдің кілтін табыс еткен серіктестік директорының орынбасары Константин Вологодский Елбасының сындарды саясаты, әлеуметтік бастамалары ел тұрғындарының игілігін еселей түскенін алға тартып, ауласы, жаздық кілеті, қосалқы жері бар 4 бөлмелі үйдің іші құтты, балалар осы үйден білімді, сау денелі азамат болып өссін деген ізгі ниетін білдірді. Көпбалалы ананың қуанышына ортақтасып, ақ тілегін айтқан қала әкімі Бахтияр Өнербаев бүгінде қаладағы көпбалалы отбасыларының әлеуметтік картасы әзірленіп, олардың жағдайын жақсартуға, әсіресе, баспанамен қамту ісіне барлық мүмкіндіктер қарастырылып жатқанын, республикалық бюджет есебінен биыл қалада 40 пәтерлі үйдің құрылыс жұмыстарын бастау, тағы екі 40 пәтерлі үйдің құжаттарын дайындау, сондай-ақ, жеке инвесторлардың қаржысымен 40 пәтерлі бес үй салу жоспарланып отырғанын, осынау игі іс жолындағы құл-шыныстар сәтімен жүзеге асырылса, қаладағы көпбалалы аналардың баспана мәселесінің толығымен шешімін табатынына сенім білдірді.
«Өз үйім өлең төсегім» дегендей, 2003 жылдан бері пәтер жалдап, әбден шаршаған көпбалалы ана да, ес біліп қалған балалар да өз үйінің болғанына қуанып, шексіз бақытқа кенелгендіктерін жасырмады. Елбасына, ел игілігі жолындағы ізгі істерді нақты іс-әрекетімен қол-даған азаматтарға алғыстарын жаудырды.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз