Өркениеттің өрелі жолы

0
108

  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – ұлттық болмысымызды түлетіп, келбетімізді айқындай түсетін, қазақстандық қоғам дамуының өзіндік идеологиялық негізін бекемдейтін құнды құжат. Ұлттық өркениетті өзек етіп, халқымызды заманауи дамудың үдерісіне бейімдеуде тарихи маңызға ие бағдарламаның жарияланғанына 12 сәуірде 2 жыл толды. Осыған орай қалалық Мәдениет үйінің және балалар шығармашылығы орталығының өнерпаздары Рудничный ауылының тұрғындарына «Өнерім саған, ауылым!» атты концерттік бағдарлама ұсынып, көптің ықыласына бөленді.
Шара аясында қалалық кәсіпкерлік бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, Текелі су құбыры, жер қатынастары бөлімі, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлік орталығы, пошта байланыс торабы секілді бірқатар мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандары ауыл тұрғындарын қабылдап, Елбасы Жолдаулары мен мақалаларында айтылған тапсырмалар бойынша қолға алынған мемлекеттік бағдарламалармен, әсіресе, «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде алға қойған жаңа әлеуметтік қолдаулардың іске асырылу барысымен таныстырды, сондай-ақ, тұрғындардың түрлі мәселелері бойынша қойған сұрақтарына жауап берді.
Қала өнерпаздары дайындағын арнайы концертте ауыл тұрғындарына ізгі тілегін жеткізген қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы: «Осыдан 2 жыл бұрын Ұлт көш-басшысы Н.Назарбаев «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзіл-меген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деген сөздерімен ұлттық деңгейдегі ауқымды жобаға айналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялап, қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағттарын айқындап берді»,– дей келіп, бүгінде бағдарлама аясында еліміздің жер-жерінде ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, туған жер, өскен елге деген перзенттік сүйіспеншілікті күшейту, салт-дәстүрлерімізді қастерлеу, отаншылдық рухты жетіл-діру, береке-бірлікті бекемдеуге бағытталған іс-шаралар молынан ұйым-дастырылып келе жат-қанын, бұл жас ұрпақты ел-шілдік рухта тәрбиелеуде маңызды мәнге ие екенін алға тартты. Шағын ауылдың тыныс-тіршілігі қала дамуымен өзектесе өсіп-өркендеу үстінде екенін, өткен жылы ауылдағы амбулатория күрделі жөндеуден өтіп, материалдық, техникалық базасы нығайтылғанын, көптің қолдауымен биыл ауылда жаңадан мешіт салынғанын тілге тиек етіп, елдік үдеріске белсенді атсалысып, экономикалық, әлеуметтік және рухани тұрғыдан ортақ дамуға өз үлестерін қосып келе жатқан ауыл тұрғындарына жемісті жетістіктер тіледі. Сондай-ақ, ортақ мақсат жолында белсенділігімен көзге түсіп жүрген озаттарды марапаттап, Теңгеш Жаппарқұлова, Елена Бершадская, Томрис Джылкыбаева, Ақан Ырым-жанұлы, Гүлнар Бекшойнова, Марат Айтқалиұлы және Толғанай Арыстанқызына алғыс хат табыстады.
Балалар шығармашылығы орталығындағы өнерлі жастардың қолынан шыққан туындылармен безендірілген сахнада дәстүрлі әндерді шырқаған әншілер мен халықтық билерді билеген бишілерге көпшілік құрметпен қол соқты.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз