Олжалы оралды

0
364

  12-14 сәуір аралығында Қырғызстанның Бишкек қаласында комбат джиу-джитсудан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында өткен IV Азия чемпионатында ОРМБЖМ-ның тәрбиеленушілері жақсы нәтижемен оралды.
Аталған мектептің джиу-джитсудан жаттықтырушылары Марат Қобланов, Алинұр Аманқұлов, Нұрым Сәрсебектің шәкірттері 13-14 жас санатында 42 келі салмақта Аяла Бөрібай (№1 ОМ), 47 келі салмақта Ұларбек Бүлдіршін (№5 ОМ), 18 жастан жоғарғы санатта, 50 келі салмақта Үкілай Ахметуәлиқызы алтын медаль, 16-17 жас санатында Нияз Тілеужан 55 келі салмақта күміс, 18 жастан жоғарғы санат бойынша 62 келі салмақта Аяулым Көбей қола медаль тақты. Айта кетерлігі, Үкілай спорттың осы түрінен 2018 жылы өткен Азия чемпионатында да өз салмағында алтын алған болатын. Сондай-ақ, ересектер арасында А.Аманқұлов күміс медаль иеленіп, қарымды да тәжірибелі бапкер екенін байқатты.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз