Жастар аллеясы

0
58

  Қала жастары орталық саябаққа қайың және жөке ағаштарының көшетін егіп, қаламыздың көрікті де таза экологиялық ортасын қалыптастыруға өз үлестерін қосатындықтарын білдірді.
Елбасы Н.Назарбаев елордамызда өткен «Жастар жылының» ашылу салтанатында: «Жастардың күш-жігерін жасампаздық пен өз мүмкіндігін жүзеге асыру арнасына бағыттаған маңызды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қарай «Жасыл Ел» қозғалысының базасында «Жасыл қала – жасыл ауыл» жалпыұлттық жобасын іске қосу қажет. 20 жылда Елорданың айналасында қолмен отырғызылған орман пайда болды. Бұл – 80 мың гектар жасыл екпелер, соның нәтижесінде қаланың іші экологиялық жағынан тазара түсті. Астананың үлгісі бойынша бүкіл өңірдегі елді мекендердің жасыл экожүйесін дамыту қажет», – деп осынау ауқымды игі іске жастарды белсенді атсалысуға шақырған болатын. Осы мақсатта ұйым-
дастырылған ағаш егу науқанына мекеме, кәсіпорын басшылары, «Жас Отан» жастар қанаты, жас мамандар және колледж студенттері қатысты.
Жастар еккен әрбір тал көшеттің тамыр тартып, саялы ағаш болуын да қадағалап, күтім жасамақшы. Айтпақшы, орталық саябақтың дәл осы бөлігі болашақта Жастар аллеясы болмақ.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз