Тағамнан уланудың алдын алу

0
31

  Міне алдымызда жаз айлары да жақындады. Жыл сайын жазғы маусымда тағамнан уланулар өте жиі тіркеліп, астан уланғандар қатарының артатыны белгілі. Өйткені, бұл уақытта жеміс-жидектер мен көкөністердің біразы пісіп, барлық сауда орындарында сатыла бастайды. Тағамнан улуданудан сақтану үшін не білуіміз керек? Тағамнан улану дегеніміз не?
Тағамнан уланулар – бұл, табиғаты микробты және микробсыз болып бөлінетін, ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын, қарым-қатынас арқылы жұқпайтын ауру болып есептеледі. Астан уланудың себептері әртүрлі. Сондықтан, азық-түліктерді сатып алғанда, сақтаған кезде және дайындаған мезетте алдын алу шараларын орындау қажет.
Астан улану мәселесі, әсіресе, жыл мезгілінің жылы уақыттарында өзекті болып саналады. Жазда азық-түлік өнімдерінің ластануынан үлкен қауіп бар. Себебі, шыбын-шіркейлер көбейеді. Олар микробтарды тасымалдаушылар болып саналады. Күннің ысуы, тағы басқа да факторлар бар. Сонымен қатар, есік тұтқаларын, жалпы қоғамдық көліктердің тұтқаларын ұстаған кезде біздің қолымызға қаншама микробтар жұғатынын ойлап көріңізші.
Уланудың тағы бір себебептері – тағамды дұрыс температурада сақтамау, дұрыс жылытпау немесе бүлінген тағамның келесі тағамды ластауы болып табылады. Осылай тағамды дұрыс дайындамау және сақтамау тағамнан уланудың себебі болуы мүмкін.
Астан уланудың сипаттары жеңіл және ауыр жағдайда тағамды қолданғаннан кейін шұғыл немесе бірнеше сағаттан кейін болуы мүмкін. Бұндай жағдай 24 сағаттан 5 тәулікке дейін жалғасады.
Уланудың сипаттары: жүрек айну, құсу, бас ауру, іштің өтуі және асқазанның батып ауыруы. Тағамнан уланып қалмау үшін алдын алу шараларын жасап, оны сақтау қажет. Азық-түлікті сатып алудан бас-тап, оны қолдануға дейінгі алдын-алу шаралары тағамнан улануды біршама деңгейде болдырмауға көмектеседі. Азық-түлікті қайдан сатып алсаңыз да сатушы оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Дегенмен, қателік жібермейтін адам болмайды. Сол себепті, тағам ешкімнің бақылауынсыз-ақ ластануы мүмкін. Сондықтан, азық-түлік өнімдерін сатып алған кезде төмендегі жағдайларға назар аударыңыздар, бүлінген қаптамадағы азық-түліктер, соғылған көкөністер мен жемістер, жарылған жұмыртқалар тез арада бүлінеді. Сонымен қатар, азық-түліктің қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзіміне қараңыз. Азық-түліктің сапасына (дәміне, иісіне және сыртқы қалпына) назар аударыңыз.
Улануды болдырмаудың бірнеше қарапайым ғана жолдары бар: тамаққа дейін қолды жуу, тамақ дайындар алдында және тамақ ішкеннен соң қолды жуу, азық-түліктерді қажетті жағдайда сақтау, көкөністер мен жемістерді қолданар алдында міндетті түрде жуу. Егер сіз азық-түліктің сапасына күмәніңіз болса, оны қолданудан бас тартыңыз.
Сонымен қатар, көп жағдайда құрамында нитраттар көлемі мөлшерден тыс бақша және көкөніс өнімдерінің салдарынан да жедел ішек кеселдері жиірек орын алады. Олардың бір қатары оңтүстіктен әкелінсе, бір қатары жылыжайларда өсірілген. Олардың пісуін жеделдету үшін құрамында нитраттары бар тыңайтқыштар қолданылады. Алайда, олар белгіленген нормадан артық болса, тағамнан улануға әкелуі әбден мүмкін.
Бақша өнімдерін ұйымдастырылған базардан немесе дүкендерден сатып алған сенімдірек. Бақша өнімдерін сатып алу кезінде олардың қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттарды талап етуді ұмыт-паңыз.
Тағамнан уланудың алдын алу шаралары:
► мектеп, балабақша асханаларында жұмыс істейтін қызметкерлердің мерзімінде бактериологиялық зерттеуден өтуі;
► тері аурулары немесе қолында іріңді жарақаттары бар қызметкерлердің жұмысқа жіберілмеуінің қадағалануы;
► тағам дайындау технологиясы режімінде, дайындалуында, сақталуында, тасымалдануында санитариялық-гигиеналық талаптардың қатаң орындалуы;
► тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтау және тағамның бетін ашық қалдырмау;
► консервілердің жарамдылық мерзіміне назар аудару, ісінген (бомбаждалған) болса пайдаланбау;
► азық-түлік өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және сату жағдайлары бойынша санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау;
► сүт өнімдерін рұқсатсыз сауда орындарындағы белгісіз тұлғалардан алмау;
► шикі сүтті пайдаланар алдында міндетті түрде қайнату;
► үй жағдайында консе-рвіленген салаттарды, саңы-рауқұлақтарды, көкөністерді сатып алмау;
► ас мәзірін құрастырарда аса тез бұзылатын тағамдарды, соның ішінде кремді-кондитерлік өнімдер мен құрамында бірнеше тағамдар бар, майонез қосылған күрделі салаттардың болмауын қарастыру;
► салқын тағамдар мен салаттарды тек 1,5 сағатқа ғана сақтау.
«Ас – адамның арқауы» демекші, тағамдарымызды пайдаланбас бұрын, оның сапасына, құрамына, пайдалану мерзіміне қарап, сақтанған жағдайда ғана, көптеген аурулардан қашық боламыз.
Салауатты өмір салтын сақтап жүрейік! Тағамнан уланудың алдын алу шараларын қатаң сақтап, ауырмаудың жолын іздеу өз қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар!
Р.ИСКАНДАРОВА, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз