Отбасын қорғау құндылығы

0
312

  Отбасындағы гендерлік тәрбиенің негізгі функциялары баланы бағып, өсіру, отбасы мүшелерінің өзара бір-біріне деген құрметі мен қамқорлығын негіз еткен құндылықтарды берік сақтаумен сабақтасып жатыр.
Әдетте, меншік жинақ-тау және басқару, статус, кіріс және жұмсауды ұйымдастыру, үй шаруашылығын, демалыс шараларын іске асыру, отбасы мүшелерінің денсаулығын қорғау және микро деңгейде мемлекет құру шаралары сияқты отбасылық функциялардың өзара әрекет процессі кезінде табысты түрде іске асып отыруы үшін отбасы мүшелері нақты бір ұстанымдарды табиғи түрде сомдай білуі керек. Егер, айтылған сөз бен іс-әрекет үнемі сәйкеспей жататын болса, тәрбиенің рөлі болмайды.
Отбасылық гендерлік тәрбиенің негізгі функциялары:
– Баланы өмірге әкелу және тәрбиелеу,
– Ата-аналардың рухани қалыптасуы,
– Эмоциялық қолдау және психологиялық қор-ғау,
– Нақты бір әлеуметтік статусқа жету,
– Өзін-өзі көрсете білу.
Әрбір ер адам отбасын құрып әке болуға, сол секілді, әрбір әйел адам ана болуға табиғи және қоғаммен бірге дайындалады. Әйел мен еркек арасындағы қатынастар отбасындағы, қоғамның экономикалық құрылы-мымен анықталады.
Матриархатта – өзінің экономиқалық негізі болды және патриархатта да. Екі жағдайда отбасы абыройлы болып келді. Қоғамның дамуының жаңа кезеңінде отбасын құру және қалыптастыру мәселелеріне деген қызы-ғушылық өседі. Қазіргі кездегі жас отбасын әртүр-лі ғылымдар саласы зерттеп, оны бақылап отырады.
Ата-ана махаббаты – адамның болашақ өмірі-нің бағдары, оның дене және ішкі жан дүниесінің, денсаулығының қайнар көзі мен кепілі болып табылады.
Сондықтан да ата-ананың басты және негізгі міндеті – ең бірінші, балаларына өздерінің жақсы мінез-құлқымен, адами жақсы құндылықтарымен жақсы көрінетіндігі мен оларға әрқашан да қамқор болатындығына сенім туғызу. Ата-ананың ең табиғи және ең қажетті міндетінің бірі – өз балаларына олардың кез келген жасында оларға жылы махаббатпен, қамқорлықпен және ұқыптылықпен қарау, балаларын қоғамдық жағынан дамыған тұлға етіп тәрбиелеу. Бірақ, қазір кез келген ата-аналар өз балаларына осынау бір үйреншікті болып кеткен сөйлемдердің қаншалықты дұрыстығына немесе қандай жағдайларда айтылатынына қарамастан, осы сөйлемдердің өз балаларымен қарым-қатынасына кедергі болатындығын, олардың өздерін жақсы көретіндігіне күдік тудырып, бала мен ата-ана арасының алыстауына себеп болатындығын түсунуі керек.
Сондықтан, ата-аналар өз балаларының тек теріс қылықтарын бетіне баса бермей, жақсы жаққа бейімделуіне жөн сілтей білуі, махаббаттарына бөлеп, жақсы көретін-діктеріне сендіруі қажет.
Е.ДЮСЕМБАЕВ, Текелі қалалық сотының төрағасының м.а.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз