Мемлекеттің қолдауы

0
298

  Халықтың әлеуметтік жағдайын, өмір сүру сапасын жақсарту бойынша Елбасы Жолдауларында айтылған міндеттерді іске асыру мақсатында әзірленген «Еңбек» нәти-желі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қалалық жұмыспен қамту орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Аталған бағдарламаның «Еңбек нарығын дамыту» деп аталатын үшінші бағытында жұмыссыз азаматтарды жұмыс күші тапшы өңірлерге тарту, яғни, жұмыспен, баспана-мен қамту, сондай-ақ, әлеуметтік тұрғыдан мемлекеттік қолдаулар көрсету арқылы оларды ерікті түрде қоныс аударуға ынталандыру көзделген. Осы мақсатта ұйымдастырылып келе жатқан өңіраралық жәрмеңке биыл да жалғасын тауып, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және жұмыспен қамту орталықтарының өкілдері көшіп келушілерді мемлекеттік қолдаудың мүмкіндіктерімен жан-жақты таныстырды.
Атап айтқанда, көші-қон субсидиясы негізінде әрбір отбасы мүшесіне 88375 теңге (отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш) теңге төленеді. Сонымен бірге, тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қыз-меттерді төлеу бойынша шығындарды өтеуге – қа-лалық жерге қоныс аударушылар үшін 1 адамға 50500 теңге (жиырма еселенген айлық есептік көрсеткіш), ауылдық жерге 37875 теңге, отбасы мүшелерінің саны 2-ден 4-ке дейін болғанда бұл сома 63125 теңге, ауылдық жерге 45450 теңге, егер жанұя мүшелерінің саны 5-тен көп болған жағдайда 75750 теңге, ауылды жерге 53025 теңгені құрайды. Тұрғын үйді жеке меншігіне сатып алу үшін отбасына 1 жылға есептелген сома шегінде материалдық көмек қаражатын бір рет төлеу, сондай-ақ, жұмысқа қабілетті отбасы мүшелерін жұмыспен қамту, қайта оқыту және кәсіпкерлік бағытта шағын несиелер мен гранттар беру қарастырылған.
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көші-қон бөлімінің басшысы Жарқын Жақсыбековтың айтуынша өткен жылы жоғарыда аталған өңірлерге облысымыздан 386 отбасы қоныс аударған. Бүгінде олармен тұрақты байланыс бар. Мемлекеттің жан-жақты қолдауының арқасында отбасындағы жұмысқа қабілетті азаматтардың бәрі мамандығына қарай түрлі салалардан өз орнын тауып еңбек етуде. Кейбіреулері бизнеспен айналысуда.
Биыл тағы да 279 отбасын негіз еткен 1016 адамды ерікті тұрде қоныс аудару арқылы жұмыспен қамту көзделген. Қазірдің өзінде 274 адам аталған өңірлерден екі қолға бір жұмыс тауып, әлеуметтік қолдаулардан игіліктенуде.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз