«КӨШЕТ» үш айлық акциясы жарияланды!

0
186

  ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Текелі қалалық аумақтық инспекциясы 1 сәуірден бастап республика бойынша 3 айлық «КӨШЕТ» атты акция басталғаны туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» №344-І заңының 12-бабына сәйкес, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің бірі – себетін және отырғызылатын материалдар болып табылады. Сондықтан, жыл сайын көктемде «КӨШЕТ» үш айлық акциясы жарияланады.
Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілерді әкелудің алдын алу, олардың таралу қаупі бар ошақтарын уақытылы анықтау, оқшаулау және жою мақсатында карантинге жатқызылған өнімдер фитосанитарлық талаптарға сай болуы керек. Айта кету қажет, көшеттер карантиндік аурулар мен зиянкестердің тарату көзі болып табылады.
Республикалық карантиндік зертхана сараптамаларының нәтижелері бойынша, қазіргі таңда, Текелі қаласының аумағында аса қауіпті карантиндік ауру – жеміс ағаштарының бактериялды күйігі 15,2 га бақтарда ресми түрде тіркеліп отыр. Сол себептен, карантинге жатқызылған өнімді тасымалдау және сату кезінде ілеспе құжаттары, яғни, міндетті түрде өзге облыстардан әкелінетін болса – карантиндік сертификат, шет елдерден – фитосанитарлық сертификат және облыс аумағынан әкелінетін болса – карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі болуы керек. Аталған құжаттар карантиндік фитосанитарлық бақылау нәтижелері бойынша ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция Комитетінің тиісті аумақтық инспекцияларында алынуы қажет.
Осыған орай, тұрғындар көшеттерді сатып алу кезінде, сатушылардан жоғарыда аталған құжаттарды талап етуі керек.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган белгілеген орындардан тыс жерлерде жеміс ағаштарының көшеттіктерін, тұқымдық материалдарды сатуға тыйым салынған. Қала әкімінң шешімімен арнайы белгіленген орындарда ғана саудалануы тиіс, басқа жерде саудалануға заңды түрде шектеу қойылған.
ҚР өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда, құқық бұзушылар, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 400-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Атап айтқанда, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.
К.ЕТЕКБАЕВ, ҚР АШМ АӨК МИК Текелі қалалық аумақтық инспекциясының басшысы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз