Елмен етене қызмет

0
189

 Республикалық «Жолда қабылдау» акциясы аясында «Нұр Отан» партиясы Текелі қалалық филиалы мен қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері Әуезов көшесінің бойында азаматтарды қабылдап, жол жүру ережесіне, автокөліктердің техникалық сипатына, көші-қон заңына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Баршаға белгілі, барлық істе заң-тәртіпті, ереже-қағидаларды негіз ету қоғамның орнықты алға басуының негізі болып табылады. Сондықтан, азаматтардың еліміздегі заңдарды білуінің маңызы зор. Осы мақсатты алға шығырған акцияда қала-лық полиция бөлімінің қызметкерлері – ӘПБ жол техника инспекторы, полиция капитаны Алмат Асылбеков, әкімшілік іс-тәжірибе тобының инспекторы, полиция капитаны Самат Еженбеков, қөші-қон қызметінің аға инспекторы, полиция майоры Әсет Ботантаев, азаматтық, қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы, полиция майоры Дулат Бутаев аталған салалар бойынша қабылданған заң-ережелердің баптарын, тармақтарын, сондай-ақ, кейбір заңдардағы өзгертулер мен толықтырулар туралы жан-жақты түсіндірді. Акцияда «Нұр Отан» партиясының өкілдері партияның ХVIII съезінде Елбасы алға қойған ха-лықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша тапсырмаларының орындалуына байланысты азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз