Жанашырлыққа жан разы

0
195

  Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін, күллі адам баласының сүйікті мерекесі екені рас. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілері жыл сайын ұлық мерекені ерекше атап өтіп, балаларға қуаныш сыйлауға асығады.

Бүгінгі ұйымдастырылған іс-шарада да балаларға қонаққа келген Қыдыр ата, Көктем аруы мен ертегі кейіпкерлері ұлттық салт-дәстүрлерді көрсетіп, жыл мезгілдері туралы жұмбақтар жасырып, ұлттық ойындар ойнатты. Тәрбиеленушілер де өз кезегінде мерекелік әндерін айтып, өлеңдерін оқыды.

Шара соңында балаларға «Берен» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тәкен Жұманқұлов пен жеке кәсіпкер Байбатша Баянбайдың қаржылай демеушілігімен әзірленген сыйлықтар табысталды.

Нұржан Махаббатқызы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз