Халықтың әділ бағасы

0
193

Еуразия кіндігі – Сарыарқа төсінде Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеясымен бой көтерген әсем Астанамыз әлемге бейбітшілік үндеушісі, өзара түсіністік пен келісім ордасы ретінде кең танылды. Елорда төрінде өткізілген халықаралық жиындардың бастамашысы да әлем «бітімгер көшбасшы» деп мойындаған Елбасымыздың ерен еңбегі деп білеміз. Отанымыздың жүрегі – мемлекетіміздің астанасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Нұр-Сұлтан деп ресми аталғанын естіп, ерекше қуанышқа бөлендік. Өршіл рухымыз асқақтап, кеудемізді мақтаныш кернеді. Бұл – елім деген ерін ардақтаған ел тілеуінің, халық қалауының жүзеге асқан жарқын көрінісі. Тәуелсіздігіміздің алғашқы сәтінен бастап елін өркениетке, елдік пен өрлікке ұмтылуға бастаған арда азаматын ардақ тұтқаны. Елорда келбетінде Елбасы қолтаңбасымен айшықталған зәулім Бәйтерек, Бейбітшілік пен келісім сарайы, Қазақ Елі монументі ұлтымыздың сан ғасырлық мақтанышына айналары сөзсіз. Барша Қазақ Елінің қуанышы еселене бергей! Қыран қанатты, күн сәулетті Туымыз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болғай!
Арман ОТАРБАЕВ, «Текелі энергетикалық кешені» ЖШС директоры

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз