Жан сергітер жағалау

0
287

  Көктем бар тіршілік жанданып, табиғат жаңа келбетпен кербездене түсетін төрт маусымның төресіндей керемет кез ғой. Құлпырған табиғатпен бірге адамдар да жаңалыққа, тазалыққа ұмтылады.
Сәрсенбіде қаламыздағы мемлекеттік мекемелердің қызметшілері Қора өзенінің жағалауын тазалап, балалар ойын алаңын, алтыбақан маңын, сондай-ақ, өзен бойындағы жолды тазалады. Баршаға белгілі, қала әкімі Бахтияр Өнербаевтың бастамасымен қала кәсіпкерлері осы жерге алтыбақан, турниктер, балаларға арналған ойын құрылғыларын орнатып, бүгінде ағаштардың саясындағы жағалау балалардың ғана емес, үлкендердің де дем алып, бой сергітетін сүйікті орнына айналған. Сондықтан, көпшілік көп келетін орынның таза да ретті болғаны абзал.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз