Ұлт құндылығы – ұлттық спорт

0
97

  Жастар жылы аясында және Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының іс-шаралар жоспарына сәйкес орталық саябақта ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылды.
Текелі қаласы бойынша дін істері инспекторы М.Мұхамет, қалалық жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырған жарысқа мектептердің 9-10 сынып оқушылары қатысты.
Бүгінде жат діни ағымдардың жастарды назарға алып отырғаны жасырын емес. Олар бас салып, идеологиясын күшпен таңбайды. Бастапқыда ортаны бақылап, көптен бөлек-теніп өзімен-өзі, ойсыз, әрнеге әуестеніп, мақсатсыз бос жүретін, салауатты өмір салтына қызықпайтын жастарды түрлі айла-амалдармен шырмап, біртіндеп санасын улай бастайды. Сеніміне кіріп, жанды жеріне тырнағын іліндіріп алған соң ғана оны құлтемірше басқарып, тілімен шоқ жалатып, қолымен от көсетеді. Сондықтан, өскелең жас ұрпақтың санасын ұлттық тәрбиемен сусындатып, алдына айқын мақсат қоя білетін, өз еркін өзі меңгере алатын, денсаулығы күшті, ойы өрісті етіп тәрбиелеу қашанда өзекті. Сондай-ақ, осы бағыттағы тәрбие жұмысы жастардың күнделікті тіршілік дағдысымен бірге өріліп отыруы керек-ақ. Осы мақсатта ұйымдастырылған «Жат ағым, жат қылықтан сақтанайық» атты ұлттық спорт жарысында қол күресінен №8 ОМ оқушысы Ерсұлтан Әскеров топ жарса, №6 ОМ оқушысы Даниил Пахомов 2, №5 ОМ оқушысы Мадияр Сырлыбеков 3-орында иеленді.
Бес тас ойынынан №5 ОМ – 1, №1 ОМ – 2, №8 ОМ қыздар командасы 3-орынды, арқан тартудан №5 ОМ – 1, №6 ОМ – 2, №8 ОМ ұлдаркомандасы 3-орынды иеленді. Жүлдегерлер арнайы кубокпен, грамоталармен және естелік сыйлықтар-мен марапатталды.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз