Дені саудың – жаны сау

0
317

  Жыл сайын 24 наурызда әлемде Дүние-жүзілік туберкулезге қарсы күрес күні атап өтіледі. Дүние-жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мұрындық болуымен өтетін дәстүрлі шара биыл «Туберкулезді жою, сырқаттарды толық емдеп жазу» деген ұранмен өтпек (Find. Treat. All. #EndTB»).
Қазақстанда туберкулез тегін емделеді. Туберкулездің алдын алу, анықтау мен емдеу кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде жүргізіледі. 2019 жылы аталған дертке шалдыққан азаматтарды емдеу мен әлеуметтік көмек көрсетуге мемле-кеттік бюджеттен 47,7 млрд теңге бөлінді.
Ресми статистикаға сүйенсек, 2018 жылы Қазақстанда 35 мың 181 пациент диспансерлік есепте тұрған болатын (оның 14 мың 874-і туберкулездің белсенді түрімен ауыратындар). Оның ішінде 8 мың 942 адам пациенттер қатарына жаңадан қосылғандар. Пациенттердің басым бөлігі Түркістан облысы мен Шымкент қаласында (3604), Шығыс Қазақстан (2860) және Қызылорда (2495) облыстарында тұрады. «Әлеуметтік ме-дициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалының бөлім басшысы Жанат Капсеметқызының айтуынша Жетісу жерінде 3300-ден астам науқас жаңадан қосылған екен. Сондықтан, дер кезінде анықталып, тиісті ем-дом жасалса туберкулезді толық емдеп жазуға болады. Ауруды асқындырмай, емдеуші дәрігердің нұсқауларын орындаудың маңызы зор, – дейді мамандар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлі-метінше, 2000 және 2016 жылдар аралығында туберкулезді ерте анықтау мен емдеу нәтижесінде әлем дәрігерлері 53 миллионнан астам адамның өмірін сақтап қалған.
Туберкулездің қара-пайым түрін емдеуге шамамен 6 айға жуық уақыт кетеді. Қазақстанда бұл ауру интеграцияланған бақылау стратегиясы бойынша емделеді. Бақылаудың бұл түрі туберкулездің жабық түрімен ауыратын науқастардың емханада амбулаторлық ем қабылдауына мүмкіндік береді.
Туберкулездің алдын алу үшін емханада тұрақты тексеруден өтіп тұру қажет. Тексеру мен екпе егу кепілдендірілген медициналық көмек шең-берінде тегін жүргізіледі:
• БЦЖ вакцинасы – туғаннан кейін бірнеше күн ішінде салынады;
• 7 мен 14 жас аралығында БЦЖ-дан ревакцинация жасалады (екпе екпес бұрын – Манту сынамасын салып, организмнің реакциясын тексереді);
• флюорографиялық скрининг (ересектерге, жыл сайын);
• көрсетілімдер болса: рентгенография жасау.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз