Тұрысбек Жұмаділов, қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры

0
385

   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік жолын халықаралық экономикалық, саяси жағдай күрделене түскен тұста тәуелсіздігін жариялаған жаңа Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарын тұтастай қайта құрудан бастап, бүтін бір дәуір бірнеше ұрпақ санасына сіңіріп үлгерген жоспарлы шаруашылықтың қасаң идеологиясын өте шеберлікпен ығыстыра білді. Дамыған елдердің экономикалық жүйесін саралап, оны еліміздің нақты жағдайына икемдеп, табанды әрі байсалды түрде жүзеге асырды. Нәтижесінде, мемлекеттік құрылым мен қоғамдық сана бір-біріне тез үйлесіп, толып жатқан жаңа реформалар сәтті жүзеге асты. Әсіресе, ырықты елдік экономикалық әлеуетке жетуде маңызды рөл ойнайтын жеке кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес қарқын алды. Егер, сана көзімен бүгінгі шыққан биігімізді тоқсаныншы жылдардағы нақты жағдаймен салыстырар болсақ Елбасының сұңғыла шешімдеріне тәнті болмай тұра алмайсың. «Алдымен экономика, содан кейін саясат» дейтін ұстанымы Елбасының сарабдал саясаткерлігін көрсетті. Қазір әлем елдері Қазақстанға тұрақты экономикалық дамуы мен салмақты саяси беделі үшін құрметпен әрі сеніммен қарайды. Алыс-жақын шет мемлекеттердің бізбен әртүрлі салада ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігі әлемдік жағдайдың қазіргідей қиын-қыстау кезеңінде еліміздің халықаралық сахнадағы орнын нығайта түсуде. Міне, бүгін Елбасы тағы да аса маңызды шешім қабылдап, Қазақ Елінің алдағы дамуының жаңа қадамын бастап берді. Президенттік өкілеттілігінен саналы түрде бас тартып, мемлекеттік басқарудың демократиялы, заңды негізіне адалдығын әйгіледі. Бұл – тұтас дүние елдерінің ерекше ықыласын аударған, мемлекетіміздің беделін арттыра түскен тарихи шешім.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз