Бала дәстүрді көре жүріп қабылдайды

0
106

  Қалалық №1 балабақшасының «Балапан» тобының тәрбиешілері мен ата-аналары бірлесіп өткізген Наурыз мерекесіне арналған шарада халқымыздың ұлттық дәстүрлері көрсетілді.
Мерекеге орай, ұлттық үлгідегі киім-дерді киген бүлдіршіндер мен ата-аналар көктемде дала төсін құлпыртқан әр алуан гүлдердің табиғатпен жарасымдылығын паш еткендей.
Алдымен көрісу дәстүрі көрсетілді. Ауыл адамдарының бейнесін сомдаған балалар құшақтаса көрісіп, бір-бірінің хал-жағдайын сұрасып, жақсы тілектер айтты. Содан соң төрге жайылған дастарқан басында Керімбек би мешітінің ұстазы Нұржол Ғазез наурыз батасын берді. «Достық» шағынауданының тұрғыны Бәтима әже немересі Әдемінің тұсауын кестіріп, балабақша бүлдіршіндеріне халқымыздың тұсау кесу салтының мән- маңызын түсіндірді. Мерекелік шарада, сондай-ақ, балаларға асық ату, арқан тарту секілді ұлттық ойындар ойнатылды.
Наурыз айында ел болып атқаратын игі істердің бірі – ағаш егу. Осы салтымызды балалар санасына ұялату мақсатында аулаға шырша көшеттері егілді. Балақбақшаның меңгерушісі Әлия Тұғылбаева ұлттық болмысымыз жарқырай түсетін Наурыз мерекесінде жас ұрпаққа салт-дәстүрлерімізді насихаттауға белсенді атсалысып келе жатқан ата-аналарға, балабақша тәрбиешілеріне ризашылығын жеткізді.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз