Заң талаптары – баршаға ортақ

0
183

  Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын нақтылап, бүгінде бүкіл әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналып келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2015-2025 жылға бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы – маңызы зор құжат. Бүгінде елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданған. Заңның мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнә-лiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ, оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн ай-қындау болып табылады.
Заң сол сияқты, демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiмін нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған. Бұл заңның ерекшелігі сол, билік басындағы лауазым иелерінің қызмет бабын жеке басының мақсаттарына пайдалануына, келеңсіз әрекет-теріне тосқауыл қоюды көздейді. Демек, заң талаптарына сай барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам болып белсенділік танытып қарсы тұруымыз қажет.
Осы бағытта Текелі қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында елеулі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, бүгінде (8 72835) 4-21-83 сенім телефоны жұмыс істейді, қолжетімді орында ұсыныстар мен шағымдарға арналған жәшік орналастырылған. Азаматтардың сенімділігін арттыру, халықпен ашық сөйлесу мақсатында басқарма басшысы әр аптаның сәрсенбі күндері сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Бұл шара жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қанағаттандыра отырып, халықтың басқармаға деген сенімін арттыруға бағытталған.
Р.ИСКАНДАРОВА, санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз