Қоғамның біріккен күші керек

0
48
zhanaru.kz
zhanaru.kz

  Сыбайлас жомқорлық – мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік функцияларды орындауға үәкілетті адамдар, сондай-ақ, басшылардың қызмет бабын жеке басының баюына пайдалануы.
Ол адамдардың болашаққа деген сенімін әлсіретіп, қоғамды ыдыратады, тіпті, мемлекет мүддесіне қауіп төндіреді.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі күннің күрделі де кезек күттірмейтін мәселесі. Өйткені, жең ұшынан жал-ғасқан жемқорлық – ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да, онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу – баршамыз үшін маңызды іс.
Ең алдымен, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Жас буынға жемқорлықтың салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру қажет. Осындай саналы адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Сондықтан, жас ұрпақтың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін күшейту маңызды.
Елбасының бүгінгі таңда алға қойып отырған міндеті мен талабы да осы. Олай болса қоғам, оның әрбір мүшесі болып жемқорлықпен күресіп, ол дерттің қоғамда әрі қарай ушығуына жол бермеуіміз керек.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ.
Б.МАДЫБЕКОВА, Текелі қалалық сотының бас маманы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз